37
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
Әбуд-Духа және Ибраһим үшеуі хадистерді бірге
талқылайтын. Мәселе пәтуа беруге келіп тірелгенде
барлығы да осы Ибраһимнің аузына қарайтын. Жарық
дүниемен қош айтысқан кезде қай жағынан алғанда да
оның орнын жоқтатпайтын адам шықпады
60
.
Ханафи фиқһының қалыптасуында оның орны
бір төбе. Шах Уәлиуллах Дәхләуидің «Ханафи
фиқһының қайнар көзі» деп атаған Ибраһим ән-Нәхәи
Әбу Ханифаның ұстазы Хаммадтың көзқарасы мен
ғылыми әдісінің қалыптасуына ең үлкен ықпал жасаған
ғалымдардың бірі
61
. Әбу Ханифаның шәкірттерінің
еңбектеріне үңілгенде Ханафи мәзһабының
пәтуаларының көпшілігінің Ибраһим ән-Нәхәидің
хадистері мен пікірлеріне негізделгені байқалады
62
.
Икрима (қ. 105 ж).
Икрима Абдуллаһ ибн Аббастың
ілімін бойына сіңірген мәуласы (азат етілген құлы),
фиқһ ғалымы. Ұстазы Ибн Аббас оның білімінің
кемеліне келгенін көргенде: «Бар, халыққа пәтуа айт!»
деген. Бір күні Саид ибн Жабирге: «Сенен асқан
білімді кім бар?» деп сұрағанда ол: «Икрима» деп
жауап берген екен. Икрима қайтыс болғанда халық
ол жайлы: «Ең фақиһ ғалымымыз дүниеден өтті» деп
қайғырып, қара жамылған болатын. Ал әл-Уақиди оны
«Мекке мүфтиі» деп атаған
63
.
Әбу Абдуллаһ Нафи.
Нафи (қ. 117 һ.ж.) Абдуллаһ
ибн Омардың ілімін өз бойына жинаған оның мәуласы,
табиғин ғалымы. Көптеген сахабаның көзін көріп, олар-
60
Бұл да сонда, 6-т., 332-б.
61
Бұл да сонда, 6-т., 284-б.; Әбу Захра,
Әбу Ханифа
, 90-91-б.
62
М.Ө. Арас, 59-б.
63
әл-Мукрим Мұхаммед ибн Жалалуддин,
Табақатул фуқаһа,
Бейрут, Лубнан, 1970, 1-басылым, 1-т., 70-б.