36
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
оларды бір-бірімен салыстырып, зерттеген ғалым. Ол
табиғиннің жасы үлкендерінен фиқһ ілімін үйреніп,
олардан хадис риуаят етті. Әбу Ханифаға білім берген
табиғиндер түрлі саланы меңгерген ғалымдар еді.
Солардың ішінде Куфада өмір сүріп, хадис ілімінде та-
нымал болған ғалым – Шағби. Ол Омар ибн Хаттабтың
кезінде дүниеге келген. Абдуллаһ ибн Мәсғудпен бірге
тілдік мәселелерді көп талқылаған оның ең фақиһ
шәкірті еді. Тіпті табиғин болғанына қарамастан,
сахабалардың арасында отырғанда адамдардың оған
сауал қоюы білімінің қай деңгейде болғандығынан
хабар береді. Соған қарамастан ол әр мәселеде пікірін
білдіруден сақтанып, кейде «ОныИбраһим ән-Нәхәиден
сұраңдар»
59
дейтін. Әбу Ханифаның түбегейлі ғылымға
бет бұруына әсер еткен осы Шағби еді.
Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи (қ.
95/714).
Нәхәи Йеменнің Мәзхиж аймағында тұратын
Пайғамбарымыздың кезінде мұсылмандықты
қабылдап, Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дұғасын
алған үлкен елдің атауы болып табылады. Олар кейін
Куфа аймағына қоныс аударған. Осы елден «Нәхәи»
лақабымен аталатын ғалымдар көп шыққан. Солардың
арасындағы ең танымалдарының бірі Ибраһим ән-
Нәхәи – имам, хадис хафызы, өз кезеңінде күллі Ирак
аймағының ең білгір фиқһ ұстазы еді. Аталмыш аймақта
көптеген ғалымдар өмір сүргенімен, ақылдылығы мен
алғырлығының арқасында он сегіз жасының өзінде ілім
үйрететін кісілердің дәрежесіне жеткен. Сахабаларды
көзі көрген, бірақ, олардан хадис риуаят етпеген.
Ол өзінің ұстаздары секілді Құранға ерекше
мән беретін, өзі қари әрі тәпсірші болатын. Шағби,
59
Бұл да сонда, 6-т., 106-б., 250-б.