41
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
уә сәлләм)
әрбір басқан ізін, іс-әрекеттерін зерделеп, өзімен
қатар жүргендей күй кешетін. Бәзбіреулердің айтып
жүргеніндей, оны «Хадистің қайнар көзінен қашық
аймақта өмір сүргендіктен, көбіне өз ақылына сүйеніп
үкім шығарған» деу қисынға келе бермейді. Оның
Пайғамбарымыздан келіп жеткен әрбір дұрыс хабарды
көзінің қарашығындай сақтап, тіпті әлсіз хадистердің
өзін қисынға салған дәлелдерден жоғары қойғандығына
келесі бөлімдерде келтірілген мәліметтерден толықтай
көз жеткіземіз.
Ал енді Әбу Ханифаға ең алғаш ұстаздық қылып,
оның ғылыми тұлғасының қалыптасуына тікелей се-
бепкер болған Хаммад ибн Әбу Сүлейменге аз-кем
тоқтала кетейік.
Куфалық Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-
Әшғари
фиқһ ілімін хазірет Али (р.а) мен Абдуллаһ
ибн Мәсғудтан (р.а.) үйренген табиғин ғалымы. Әбу
Ханифаның фиқһ ілімін жақсы көріп, сол ілімге терең
бойлауына ықпал жасаған ең негізгі тұлға. Оның әкесі
әйгілі сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридың мәуласы (азат
етілген құлы) еді. Куфада туып-өсіп, Ибраһим ән-
Нәхәиден фиқһ ілімін үйренді. Оның көзқарастарын
терең меңгергендердің әрі Куфа фиқһына райды
кіргізгендердің алғашқыларының бірі еді
74
. Тек
Нәхәиден ғана емес, сонымен қатар, заманының хадис
ғалымы Шағбидан да фиқһ ілімін үйренді.
74
Ф. Сезгин, Gescihte Der Arabichen Schiriftumms, Leiden, 1967
(Араб тіліне аударған Мхмуд Фәхми Хижәзи, Фәхм Әбул-
Фадыл,), Тарихут-турасил-арабия, Мысыр, 1-т., 2-б.; М. Ө.
Арас,
Ебу Ханифенин ходжасы Хаммад ве фықхи гөрүшлери,
Баян баспасы, Стамбул, 1996, 70-71-б.