Previous Page  46 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 400 Next Page
Page Background

46

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

анаммен бірге Хаммад үшін де дұға етіп, Аллаһтың

рақымына бөленуін тілеп келемін. Өзімнің ілім

үйреткен шәкірттеріме де әрдайым дұға тілеймін», –

дейді

85

. Ұстазы Хаммадты құрметтегені соншалық,

«Хаммадтың үйі мен менің үйімнің арасында жеті

бірдей көше кесе көлденеңдеп жатқанына қарамастан,

ол жаққа қарай аяғымды созған емеспін» деген.

Хаммад дүние салғаннан кейін Омеядтар (Әмәуи)

халифатының әділетсіздігі мен Пайғамбарымыздың

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

ұрпақтарынажасағанзұлымдықтарына

қарсы шыққандықтан Омеяд әкімдері оған қысым

көрсетіп, жазалаған болатын. Әбу Ханифа Куфадағы

әділетсіздіктерге шыдамай, Меккеге қоныс аударып,

онда алты жыл тұрады. Әрине, жастайынан ілімге

құштар Әбу Ханифа ол жерде қарап жүрмей Хижаздың

ғалымдарымен кездесіп, ілімін шыңдай түскен. Ол өзі

сабақ бере жүріп, Ибн Аббастың білімінен сусындаған

табиғин ғалымдарынан білім алып, Құран, фиқһ бой-

ынша ілімін тереңдеткен.

Ұстаздарының арасында шиға имамдарынан Зәйд

ибн Али (қ. 122 һ.ж.), Мухаммед әл-Бакир (Зәйнүл-

абидин) (қ. 114 һ.ж.), Жағфар Садық (қ. 148 һ.ж.)

пен Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Хасанның (қ. 145)

аттары да аталуда. Бірақ, Ибн Тәймия Әбу Ханифа

Жағфар Садықпен құрдас болғандықтан, одан дәріс

алмағандығын, Жағфардың әкесінің көзі тірісінің

өзінде Әбу Ханифаның пәтуа беріп жүргенін, керісінше

өзінен жасы үлкен Ата Ибн Әбу Рабах пен өзінің ұстазы

85

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

62-б.