Previous Page  51 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 400 Next Page
Page Background

51

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

тұлға еді. Уақыт өте келе оның атағы шартарапқа

жайыла бастады. Шәкірттерінің саны көбейіп,

мешіттегі дәріс алқасы сол кездегі ең үлкен алқаға ай-

налды

94

.

Әбу Ханифаның сабақ беру тәсілінің ең негізгі

ерекшелігі – кез-келген мәселені шәкірттерімен терең

талқылап, көзқарастарын ашық айтуына мүмкіндік

беруінде еді. Муаффақ әл-Мекки бұл жайлы: «Әбу

Ханифа мәзһабын шәкірттерімен кеңесуге негіздеген.

Олармен ақылдаспай, өз бетімен діни ижтихад

жасамаған. Аллаһ үшін, Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үшін және мұсылмандар үшін насихат айтқан кезде

шектен шықпайтын. Ол кез келген мәселені әуелі

ортаға салып, шәкірттерін тыңдайтын. Мәселенің

түйінін шешу үшін кейде бір ай, тіпті одан да ұзақ

уақыт өзара ой бөлісетін. Осы мәселелерге қатысты

қай көзқарас басым бола бастаса, Әбу Юсуф оны

бір негіз ретінде белгілейтін. Мәзһаб осы негіздерге

сүйене отырып құрылды. Ең дұрысы және шындыққа

ең жақыны да осы тәсіл болса керек. Бұл – адамдар

үшін қанағаттанарлық жол. Жалғыз өзі ижтихад жасап,

тек өз көзқарасын ғана дұрыс деушілердің мәзһабынан

әлдеқайда абзал»

95

деген.

Оның өзі ұстаздарына қандайда бір мәселеге

қатысты ойын ашық айтып, басқа үкім шығарған

кездері аз болмағаны секілді, өзінің шәкірттерінің

де оның пікрлеріне қарсы ой айтқан кездері аз емес.

Имам Ағзамның дәрісін өзі ғана сөйлеп, оқушылары

тыңдау түрінде емес, қазіргі заманда үйретудің ең

тиімді тәсілдерінің бірі саналған интерактивті тәсілде

94

Бұл да сонда, 21-22-б.

95

Мекки, 391-б., И. Х. Үнал, 21-б.