Previous Page  52 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 400 Next Page
Page Background

52

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

жүргізетін. Осылайша, шәкірттерінің білім көкжиегін

кеңейтіп, өз ойларын еркін айтып, дәлелдей алатын

дәрежеге көтеруді мақсат ететін. Осының арқасында

көптеген шәкірттері мүжтәхид деңгейіне жетті.

Негізінде, бұл тәсіл алғашқы кезеңдегі мұсылман

ғалымдарына тән ортақ ерекшелік болғанымен, Әбу

Ханифа бұл салада оқ бойы алда тұрды.

Әбу Ханифаның тағы бір ерекшелігі, бір пікірде

қатып қалмай, өзінікінен де шынайы дәлел табылса,

ойынан бас тарта алатындығы еді. Ол бір күні шәкірті

Әбу Юсуфқа «Менен естігендеріңнің бәрін хатқа

түсіре берме. Мен бүгін былай десем, ертең басқаша

ой айтуым да мүмкін. Ал ертеңгі пікірімді арғы күні

өзгертуім мүмкін» десе, тағы бір сөзінде «Бұл біз

айтқан ең жақсы сөз. Кім біздікінен де дұрыс дәлел

келтірсе, ақиқатқа бізге қарағанда бір табан жақын»

деген

96

. Кез келген адамнан ондай батылдықты күту

қиын. Әсіресе, ғылым мен технология шарықтап

дамыған, ілімнен келген тәкәппарлық жайлаған қазіргі

заманда өзін маманмын деген ғалым зәуде бір пікір

білдіре қалса, сонысын өзгелерге мойындатқанша

асығады. Ал, өзгелер оның пікірінің қате екенін айтса,

оны жау көріп, жағасына жармасады. Әбу Ханифа

мұндай жат әдеттен аулақ еді. Осының барлығы Имам

Ағзамның еркін ойшылдығы мен парасат-пайымының

қаншалықты жоғары болғанын көрсетеді.

Әбу Ханифа ғылымға терең мән берумен қатар,

барлық ынта-ықыласын ғылымға арнасын деп

шәкірттерінің қажеттіліктерін өтеуді де ұмытпайтын

мейірімді ұстаз еді. Ол мұқтаж шәкірттеріне ақшалай

жәрдем беріп тұратын. Үйленетін жасқа келгендердің

96

И. Х. Үнал,

Имам Әбу Ханифенин хадис анлайышы,

21-б.