Previous Page  47 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 400 Next Page
Page Background

47

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Хаммадтардан дәріс алғандығын, бұл айтылғандардың

шындыққа жанаспайтынын айтуда

86

.

Әбу Ханифа әһлі-бәйтті (Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ұрпақтарын) жақсы көретін.

Сондықтан, аты аталған кісілермен жолыққанына

ешқандай күмән келтірудің қажеті жоқ. Олармен

кездесуін шиитердің көзқарасымен кетті деп жоруға

болмайды. Оның еңбектеріндегі көзқарастары

шииттердің сенімінен қаншалықты алшақ екені белгілі.

Оның бұлайша түрлі ғалымдармен сұхбаттасуы са-

рапшыл, ізденімпаздығынан туындап жатты. Түрлі

ұстанымдағы ғалымдармен жолығуы оның сараптау

мен «тазасын» таңдау қабілетін арттырып, ижтихадта

87

дұрыс пәтуа беруде танымал сахабалардың пәтуаларын

үйренуге жол ашты.

Ғылымға құлай берілген Имам Ағзам тек Ирак

аймағының ғалымдарынан ғана емес, Мекке-

Мәдина аймағындағы білгір табиғин ғалымдары мен

Пайғамбармыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әулетінен шыққан

ғұламалардың көпшілігімен жолығып, олардан өзіне

керекті білім алған. Яғни, Әбу Ханифа өз заманындағы

білім-білгірлігімен аты шыққан ғұламалармен кездесіп,

өзіне қажетті мәліметтерді алудан тартынбаған.

86

Минхажус-суннадан, 5/531-532 И. Хаккы Үнал,

Имам Ебу

Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис ме-

тоду,

Анкара, 1994, 19-б.; Жағфар Садықтан Суфиян Сәури,

Суфиян ибн Уяйнә, Имам Мәлік секілді ғалымдар сабақ алған,

ілімі терең, Пайғамбарымыздың ұрпақтарынан тараған кісі.

Сондықтан қатарлас болса да Имам Ағзамның одан сабақ алу-

ын жатсынудың қажеті жоқ. Ж. Садық жайлы кеңірек мәлімет

алу үшін қараңыз. Әбу Захра,

Тарихул-мәзәһибил-исламияти,

Дарул-фикрил-арабии, Каир, 1996, 669-706-б.

87

Ижтихад – шариғи дәлелдерден діни үкім шығара білу үшін

барлық күш-жігерін жұмсау