53
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
жағдайлары төмен болса, қаржылай көмектесіп, кейде
қалың малды да өзі көтеретін. Бұл туралы Шурайх
былай дейді: «Білім үйреткен шәкіртіне, тіпті, оның
жанұясына көмектесетін. Шәкіртіне ілім үйреткеннен
кейін: «Сен халал мен харамды үйренумен ең үлкен
байлыққа жеттің» деп жылы сөздермен қуантатын.
Бірде Ибаһим ибн Үйәйнә төрт мың дирхам-
нан астам қарызға батады. Ибраһимнің достары бұл
ақшаны ел арасынан жинап Ибраһимді құтқарып алмақ
болады. Мұны естіген Әбу Ханифа елден жиналған
ақшаны кері таратып, қарызды толығымен өзі өтеген
екен.
Шәкірттерінің жан дүниесіне ерекше көңіл бөлетін.
Оларға әрдайым жақсылық қалайтын. Олардың арасы-
нан тәкәппарлыққа, өркөкіректікке, нәпсінің қармауына
түсе бастағандарды сезсе, дереу ескерту жасап,
әрдайым ұстаздан сабақ алу керектігін түсіндіретін.
Осыған байланысты мына бір оқиғаны айта кетуге
болады. «Болдым-толдым» деп ойлаған шәкірті Әбу
Юсуф бір күні, енді өзім шәкірт тәрбиелей берсем
болады деген оймен өзге шәкірттерден бөлініп,
мешіттің бір бұрышында өзгелерге дәріс оқыта бас-
тайды. Әбу Ханифа оның сабақ беруге білімінің әлі
де жеткіліксіздігін түсіндіру мақсатымен жанындағы
біреуге Әбу Юсуфтың сабақ алқасына қатысып, одан
әлдебір сауалдың жауабын біліп келуді тапсырып:
«Әлдебір адам екі дирхамға киімін тазалату үшін
тазалаушыға береді. Киімін алуға барғанда тазалау-
шы киімді алғанын мойындамайды. Арада біраз күн
өткеннен кейін қайта соғады. Тазалаушы киімін таза
қып қайтарады. Осы жағдайда тазалаушының ақысын
беру керек пе, жоқ па? Егер ол ақысын беру керек десе,