55
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
болады. Өйткені, ол киімді ақы алу үшін тазалады
97
, –
деп, айшықтап түсіндіріп береді.
Әбу Ханифа шәкірттерімен мәселелерді талқылай
отырып, оларды да фиқһ іліміне етене араластырып,
пәтуа беруге үйрететін. Уақыты келгенде ұстаздыққа
жіберетін. Міне, осының арқасында олар тек тыңдаушы
ғана емес, ханафи фиқһының құрылуына мол үлес
қосқан тұлғаларға айналды.
Терең тақуалығымен қатар Ислам құқығы
саласындағы мәселелерді талдаудағы ерекше
сұңғылалығы мен терең пікірлерін жұмсақ тіл, жылы
шыраймен түсіндіріп жеткізе алғандықтан, аз уақыттың
ішінде оның дәрісіне қатысушылардың қарасы көбейіп,
алды әлемнің түкпір-түкпірінен келген шәкірттерден
босап көрген емес. Бір сөзбен айтқанда, ашық ілім ор-
дасына айналды
98
.
Имам Ағзам Әбу Ханифа ұстазы Хаммад-
тан кейін шамамен отыз жылдай Куфа секілді ілім
орталықтарында сабақ берді. Оның сұхбаттары мен
сабақтарына қатысып, ілім алған шәкірттерінің саны
төрт мыңға жетіп жығылды. Мұндай Ұлы ұстазбен
шәкірттерінің саны жағынан фиқһ саласындағы ешбір
ғалым иық теңестіре алмаған
99
. Кейінгі дәуірде келген
хадис имамдары Имам Ағзамнан сабақ алып, ілімін
жетілдірген 800-ге жуық шәкіртінің болғанын, қырық
шәкіртінің ижтихад жасайтындай дәрежеге жеткендігін
айтады.
97
Ибн Хажар Хайсами,
Хайратул-хисан,
22-б.
98
А. Өзтүрк,
Имам Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери,
«Шамил»
баспасы, 3-басылым, Стамбул, 2010, 11-б.
99
Хайсами,
Хайратул-хисан,
53-б.; Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
272-б.