57
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
Әсәд ибн Амр
әл-Бажалли
– Уасит және Бағдатта
Хасан ибн Зияд
– Куфада
Исмайл ибн Хаммад – Бағдат, Басра және Раққада
Омар ибн Мәймун, Әбу
Мути, әл-Бәлхи
– Бәлхта қазылық
міндетін атқарды.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның мәзһабын жайған,
өздерінің ижтихадтары мен көзқарастары арқылы
кеңінен түсіндіріп «ханафи» атты мәзһабтың
қалыптасуына өте зор үлес қосқан Әбу Юсуф, Имам
Мұхаммед, Зуфар, ибн Зайд деген төрт шәкірті бола-
тын. Ендігі кезекте солар жайлы сөз қозғайық.
Танымал шәкірттері
Әбу Юсуф
Толық аты Ибраһим әл-Ансари. Куфада 113/731
жылы дүниеге келген. Харун әр-Рәшидтің билігі кезінде
бас қазы (жоғарғы сот) қызметін атқарды. Ислам тари-
хында алғаш рет «Қадиул-қудат» деген сипатты иелен-
ген де осы Әбу Юсуф
102
. Хижра жыл санауы бойынша
182 жылы (798 ж.) қайтыс болған.
Имам Ағзамға шәкірт болмастан бұрын, кедей от-
басында дүниеге келгендіктен күнкөрістің қамымен
кетіп, ғылыммен шұғылдануға жағдайы келе бермейтін.
Білім алуға деген ынтасы мен ерекше құлшынысын
байқаған Әбу Ханифа оған қаржылай көмек беріп, өз
жалақысынан айлық тағайындаған. Осыдан кейін білім
жолына түсіп, ханафи мәзһабының таралуына үлкен
қызмет еткен.
102
Зәхәби,
Ғубәр
, 1-т., 284-б; Мұхаммед ибн Жалалуддин әл-
Мукрим,
Табақатул фуқаһа,
Бейрут, Лубнан 1970 1-басылым,
1-т.,134-б.