Previous Page  43 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 400 Next Page
Page Background

43

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Осы он сегіз жылдың ішінде Әбу Ханифа ілімді

толық игердім деп ойлап, ұстазынан бөлек өзі жеке

дәріс алқасын құрғысы келген кезі де болған екен.

Бұл жайында Әбу Ханифаның шәкірті Имам Зуфар

ұстазының мына сөзін жеткізеді: «Он жыл Хаммад-

тан сабақ алдым. Содан кейін өзім жеке дәріс алқасын

құрсам ба деп ойладым. Осы ниетпен бір күні үйден

шықтым. Мешітке кірдім. Ұстазымды көрген сәтте

оны қимайтынымды, одан қол үзіп кете алмайтыным-

ды түсіндім. Жанына отырдым. Осы кезде ұстаздың

Басрадағы туыстарынан бірінің қайтыс болғаны

жайлы хабар келді. Ол туысы, мал-мүлкін (мұрасын)

ұстазымызға тастап кеткен екен. Ұстаздан басқа

мұрагері жоқ болса керек. Сол жерге баруына тура

келді. Маған өзінің орнына отырып сабақ жүргізуімді

бұйырды. Осыны айтып ол Басраға аттанды. Ұстаз кет-

кеннен кейін дәріс алқасының басына отырғанымда

бұрын-соңды естімеген сауалдар қойыла бастады.

Мен оларға жауап айтып (жазып) отырдым және сол

жауаптарымның дұрыс-бұрыстығын ұстаз келгеннен

соң өз аузынан сұрап білгім келді. Қойылған сауалдар

мен берілген жауаптардың ұзын-саны алпысқа жетті.

Ұстаз келгеннен кейін сауалдар мен оның жауаптары

жазылған қағазды алдына тостым. Қырық мәселенің

жауабына келісті, ал қалған жиырма мәселе бойын-

ша екеуіміздің көзқарасымыз екі түрлі болып шықты.

Мен өле-өлгенше оның қасынан кетпеймін, одан айы-

рылмаймын деп сөз бердім. Сөзімде тұрып, дүниеден

озғанша оның қасынан ажырамадым»

78

.

78

Саймиәри,

Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи

, Бейрут, 1985, 6-б.;

Бағдади,

Тарих

, 13-т., 333-б