Previous Page  44 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 400 Next Page
Page Background

44

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Тағы бірде Әбу Ханифа былай дейді: «Бір күні

Басраға келдім. Қандай сауал қойылса да жауап

берермін деп ойладым. Маған күрең қабағы ашыл-

майтын күрделі сұрақтар қойылды, мен жауап беруге

қиналдым. Сол кезде Хаммад ұстазымнан ешқашан

айырылмауға ант еттім. Осылайша, он сегіз жыл бойы

оның шәкірті болдым»

79

. Ол ұстазы Хаммад қайтыс

болғаннан кейін ғана өз біліміме сүйеніп сабақ беруді

бастаған.

Тумысынан зерек Әбу Ханифа Хаммадқа келгенге

дейін сол кездегі түрлі ағым өкілдерімен талқыға түсе

алатындай деңгейде болатын. Оның ұстазына терең

құрметпен қарағаны бір бөлек, ғылыми мәселелерді

әбден жан-жақты талқылап, санасына құйып алғанға

дейін тыным таппайтын. Ұстазы оның бұл қасиетіне

түрлі мәселелерді талқылау барысында-ақ көз

жеткізген-ді. Ақиқатқа жету үшін ұстазымен қаншама

рет қызу пікір алмасса да, екеуі бір-бірінен айырылғысы

келмейтін.

Әбу Ханифа мен ұстазының арасында терең

сүйіспеншілік орнаған еді. Хаммад шәкіртін туған

баласынан артық жақсы көретін. Осыған қатысты

Хаммадтың баласы Исмаил әкесінің бір сапарға шығып

едәуір уақыт өткен соң қайтып оралған кезде, әкесінен

кімді қатты сағынғанын сұраған кезде ол «Әбу Хани-

фаны. Егер көзімді одан айырмауға шамам жетсе, бір

сәтке де одан көз алмас едім»

80

деп жауап берген екен.

Әбу Ханифа Хаммадтың ең жақсы көретін

шәкірттерінің алдыңғы сапында тұратын. Ол ұстазынан

естігендерін бірден қағып алатын асқан зеректігімен

79

Бағдади,

Тарих

, 13-т., 333-б.

80

Саймиәри,

Ахбару Әби Ханифа 20-б.

; Бағдади,

Тарих

, 13-т., 334-б.