Previous Page  40 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 400 Next Page
Page Background

40

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

үкім шығарудағы білгірлігін замандас ғұламалары

түгел мойындаған

70

.

Ол қажылық уақытында Имам Мәлікпен фиқһ

мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасатын. Осы

алып имам Әбу Ханифаның білгірлігіне таң қалып:

«Мен Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахих

хадистерін толық білуде және оны түсіндіруде имам

Ағзам Әбу Ханифадан артық жанды кездестірмедім»

деген екен

71

.

Өз заманында Шам мектебінің ең ірі имамы,

көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен, тақуалығы

және сүннетке деген беріктігімен аты шыққан, фиқһ

маманы әрі мухаддис Имам Аузағимен (қ. 157 ж.)

72

фиқһ үкімдерін талқылайтын.

Әбу Ханифа осындай сапарларында өзінің берген

пәтуаларын басқаларға айтып, олардың да пікіріне

ден қойып, қажет жерінде сынға салып, өз ойымен

бөлісетін. Түрлі елдердің салт-дәстүр, қоғамдық

қарым-қатынасымен танысып, фиқһ мәселелерін әр

елдің мекенінің ерекшеліктерін ескере отырып, шешім

қабылдайтын

73

.

ӘбуХанифа Иракта тұрғаныменМеккеге жиі барып,

сол жердегі ғалымдардан сабақ алатын. Ол Меккеде,

Аллаһтың сүйікті құлы Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи

70

Әбу Зәху,

әл-Хадис уәл-мухаддисун,

245-253-б.; Т. Кочигит,

Хадис ыстылахлары,

Анкара, 1980, 214-218-б

71

Ә. Б. Жүнісов. Ханафи мәзһабының маңыздылығы мен рөлі

және қазіргі заман // Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және

қазіргі заман атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе-

ренция материалдары, Алматы, «Атамұра» 2009, 29-бет.

72

Ибн Сағыд,

Табақат,

7-т., 2, 185-б; Зәхәби,

Тәзкирә,

1-т., 178-

183; Әбу Зәху,

әл-Хадис уәл-мухаддисун,

295-297-б.

73

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

75-б.