33
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
сындадым. Иә, өз кезеңінде Ибн Аббастан асқан ғалым
жоқ еді, – дейді. Осыны естіген Мансұр:
– Сен өте дұрыс істегенсің, білімді түп-тамырынан
алған екенсің»
47
, – деп мақтайды. Осы жерден
байқағанымыздай, Әбу Ханифа ілімінің бастауын
ілім мен фиқһы жағынан танымал осы төрт сахабаға
апарып негіздейді. Шынында да, Әбу Ханифа мен оның
мәзһабының ілімінің қайнар бұлағы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жарық дүниеден өткеннен кейін,
Куфаға қоныс аударған Али ибн Әбу Тәліп пен
Абдуллаһ ибн Мәсғуд еді. Осы сахабалардан ілім алған
Мәсрук ибн Әжда (қ. 63 һ.ж.)
48
, Алқама ибн Қайс (қ. 62
һ.ж.)
49
және Шурәйх ибн әл-Харистан (қ. 80 ж)
50
Әмир
ибн Шәрәхил әш-Шағби (қ. 104 ж.)
51
мен Ибраһим ән-
Нәхәи (қ. 96 ж)
52
сабақ алған. Олардан Хаммад ибн
Әбу Сүлеймен (қ. 120 һ.ж.) арқылы Әбу Ханифа ілім
үйренген
53
. Сонымен қатар, Абдуллаһ ибн Аббастың
құлы Икрима (қ. 105 һ.ж.) мен Абдуллаһ ибн Омардың
азат етілген құлы Нафи (қ. 117 һ.ж.) арқылы осы екі
аты аталған сахбалардың ілімдерінен сусындаған.
Меккенің фақиһы Ата ибн Рабахтан (қ. 114 һ.ж.) ұзақ
жылдар бойы сабақ алған
54
.
47
Бағдади,
Тарих,
8-т., 334-б.
48
Зәхәби,
Тәзкирәтул-хуффаз
, Дәру ихяит-турасил-араби, Хай-
дарабад, 1956, 1-т., 49-50-б.
49
Бұл да сонда, 1-т., 48-б.
50
Бұл да сонда, 1-т., 59-б.
51
Бұл да сонда, 1-т., 79-88-б.
52
Ибн Хажар әл-Асқалани,
Тәхзибут-тәхзиб,
Бейрут, 1968, 2-т.,
154-155-б.
53
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
68-б.
54
Бұл да сонда, 68-б.