Previous Page  34 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 400 Next Page
Page Background

34

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Олай болса, Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадпен

бірге басқа да фиқһ және хадис ұстаздарынан сабақ

алуды тоқтатпаған. Кейбір кітаптарда ұстаздарының

саны төрт мың деп беріледі. Әрине, мұнда біраз

әсірелеу бар екені байқалады, дегенмен, бұл оның бір

ғана ұстаздан сабақ алмағанын көрсетеді.

Әбу Ханифаның ұзақ жылдар бойы дәріс алған ең

негізгі ұстазы Хаммадқа тоқталмастан бұрын ғылыми

танымының қалыптасуында ерекше рөл ойнаған Куфа

медресесінің негізін қалауға себеп болған сахабалар

55

мен табиғиндарға аз-кем тоқтала кеткен жөн.

Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әлі суішкілігі таусыла қоймаған

кезде дүниеге келген, әйгілі сахабалардың ілім кау-

сарынан сусындап, Куфа мектебінің негізін қалаған

табиғиндардың бірі – Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи

(қ. 62/681). Ол Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

«Ілімнің қақпасы» деген марапатына бөленген,

өзінің ұрпағын жалғастырушы хазірет Алиден нәр

алған. Төрт халифамен қатар жүздеген сахабадан

хадис риуаят еткен Алқама Ибн Мәсғудпен Куфада

бірге өмір сүріп, одан сабақ алған. Куфалықтар Ибн

Мәсғудты Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ең

қатты ұқсайтын сахаба десе, жұртшылық Алқаманы да

тақуалығы, ілімі мен түр-әлпеті жағынан Ибн Мәсғудқа

қатты ұқсататын. Алқамадан кейбір сахабалардың

өзі білмегендерін сұрап үйренгендігі айтылады. Ибн

Мәсғуд «Менің білгендерімді Алқама да біледі»

56

деп,

55

Абдуллаһ ибн Мәсғуд пен Али ибн Әбу Тәліп жайлы төменгі

бөлімдерде тоқталамыз.

56

Ибн Сағыд,

Табақатул-Кубра,

Бейрут, 1968, 6-т., 86-87-б.;

Бағдади,

Тарих,

2-т., 98-б.