Previous Page  29 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 400 Next Page
Page Background

29

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

қоғамындағы жастар секілді ең қажетті ілімдерді оқып

үйренген-ді. Әрі ұстазы Хаммадтың сабағына қатыса

бастағаннан кейін кәләммен шұғылданбаған деу

тарихи шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені, ол өзінің

ақида саласындағы еңбектері арқасында ақида ілімінің

негізін қалап кеткен көрнекті ғалымдардың бірі.

Ол харижиттер мен қадарияларға қарсы әхлус-

суннаның (сунниттік бағыттың) көзқарастарын қорғау

мақсатымен жиырмадан көп мәрте Басраға барып,

білімділігі мен білгірлігін дәлелдеген

40

. Басра ол кезде

әр түрлі ағымдардың қайнаған ордасы еді. Өмірінің

алғашқы жылдарындағы секілді соңғы кезеңдерінде де

қажет болған жағдайда ақида мәселелерін талқылаған.

Әрине, оның фиқһпен терең айналысуы ақида

мәселелерімен шұғылдануына кедергі жасаған емес.

Ол кездегі ғалымдарға қарасақ, қазіргі кезеңдегідей тек

40

Бәззәзи, 137-б.; Хәйсәми, 55-б. Жастайынан жақсы білім алған,

сол заманның танымал ғалымдарынан хадис үйренген, фиқһи

мәселелерді талқылағанӘбуХанифа өте зерек еді. Олжергілікті

жердегі түрлі ағымдардың басшыларымен пікірталасып,

оларға аят, хадис жолымен, ақыл-ойға сай жауап қайтарып,

еш қиындықсыз өз пікірін мойындата білген. Ислам топтары

ең көп шоғырланған Басра қаласына барып, ол жердегі түрлі

ағымдардың басшыларымен жолығып, олардың ұстанған

бағыттарының дұрыс емес екенін бұлтартпай әшкерелеген. Жас

кезінде жиырма екі топпен діни мәселелерді талқылағандығы

риуаят етілген. Өмір бойы Ислам фиқһын қорғаштап өткен.

Дахрилермен яғни сол кездегі атеистермен сөз таласты-

рып, оларға Аллаһтың бар екенін, иман келтірудің қажет

екенін дәлелдей білген. Тіпті, оның дахрилермен жүргізген

пікірталастарына қатысты «Мужәдәлә ли әхәдид-Дәхриин»

атты арнайы кітапшасы да бар. Дахрилермен болған қызықты

таластардың көпшілігі осы кітапшада топтастырылған.