Previous Page  25 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 400 Next Page
Page Background

25

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

– Қайда барып жүрсің? – деді.

– Базарға, – дедім.

– Оны сұрап тұрғаным жоқ, қай ұстаздан ілім

үйреніп жүрсің?

– Ешқайсысының сабағына тұрақты барып жүрген

жоқпын.

– Білім алуды және білімді кісілермен жолығуды

ешуақытта тастама. Сен зерек, ақылды да, ерік-жігері

мол жігітсің, – деді. Оның бұл сөзі маған айрықша әсер

етті. Содан бастап көп уақытымды ілім алуға бөлдім.

Аллаһ тағалаға мың да бір шүкір, Шағбидің ақылы

менің ілімге терең бойлауыма себепкер болды»

27

, –

дейді.

Осылайша, Әбу Ханифа ілімге біржолата ден қояды.

Алайда, саудадан да қол үзбейді. Өмірінің соңына дейін

өзінің сенімді серіктестері арқылы кәсібін жалғастыра

берді. Ара-тұра досынан сауданың мән-жайын біліп,

шариғатқа сай болуын қатаң қадағалайтын

28

.

Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны

жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол

кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып

барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып,

ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп

тоқтамға келгендігі айтылады

29

. Имам Зәхәби бұл

риуаяттардың дұрыстығына күмән келтіре отырып,

27

Мұстафа аш-Шака, ә

л-Имам Ағзам Абу Ханифа ан-Нуғман,

Дәрул-Кутубил-Мысрия, 1983, 10-б.

28

Сауда-саттықтағы әділдігі мен ерекше жауапкершілігі жайында

келесі тақырыптарда тоқталамыз.

29

Бағдади,

Тарихул-Бағдат,

13-т., 333-б.; Хәйсәми,

Хайратул-

хисан,

51-б.; Зәхәби,

Сияру Ағламин-нубәлә,

Муәссәсәтур-

рисәлә, Бейрут, 1982, VІ; 398-б.; Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

22-

25-б.