21
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
Айта кететін жайт, атасы құл болсын, болмасын,
Әбу Ханифаның өзі азат әкеден азат болып туылған.
Атасының құл болып-болмауы оның білім денгейіне,
абырой мен сый-құрметіне, тақуалығына көлеңкесін
түсіре алмайды. Ол адамзат алдындағы мәртебе
абыройға дәулеті немесе араб болмағанынан емес,
қайта болмысындағы парасаттылық, тақуалық және
ақылдылығының арқасында қол жеткізген.
Жалпы, Ислам қағидасы бойынша арабтың араб
еместен ешқандай да артықшылығы жоқ. Аллаһ
тағала Құран кәрімінде
«Аллаһтың құзырында ең
ардақтыларың тақуа болғандарың»
18
деуде. Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Барлығың Адам атадан
тарадыңдар, ал Адам ата топырақтан жарал-
ды, араб пен басқа ұлттардың арасында ешқандай
айырмашылық жоқ, айырмашылық тек тақуалықта
ғана»
деп, бұл ұстанымды шегелеп тұрып белгілеп
кеткен. Сахабалардың арасында да әуелі құл болып,
азат етілгеннен кейін тарихта аттары қалған сахаба-
лар жетерлік. Мәселенки, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Салман әл-Фарисиді әһлі бәйттен санап:
«Салман бізден, әһлі бәйттен» деген. Туысы болмаған
Биләл Хабашиді туысқаным десе, бір атадан тараған,
қандас туысқаны Әбу Жәһилді туысым деп санамаған
19
.
Әуелі өзіне құл болып келген Зәйд ибн Хәрисаға
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
азаттық беріп қана
қоймай, тіпті, өз баласындай көріп «Ұлым» деп кеткен-
ді. Оның баласы Усаманы Әбу Бәкір, Омар (р.а.) сынды
18
«Хужурат» сүресі, 14-аят
19
Муаффақ ибн Ахмет әл-Мекки,
Манақибу Әбу Ханифа,
(Кердеридің мәнәқибымен бірге), Дәрул-китабил-араби, Бей-
рут, 1981, 1-т., 11-б.