16
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
қосып, артына мол мұра қалдырған өресі биік тұлға
Әбу Ханифа мен ханафи мәзһабының ерекшеліктерін
шамамыздың жеткенінше халқымызға таныстыруға
тырыстық.
Кітап жазу барысында Әбу Ханифаның өмірі мен
еңбектеріне қатысты жазылған мына еңбектерді негізге
алғанымызды өзімізге борыш деп білдік: Мұхаммед
Әбу Захра «Әбу Ханифа: хаятуһу уә асруһу, арауһу уә
фиқһуһу». Дарул-фикрил-араби, Каир, 1997; М. Игит
«Илк дөнем ханефи кайнакларына гөре Ебу Ханифе-
нин усул анлайышында сүннет», Из баспасы, Стамбул,
2009; И. Хаккы Үнал «Имам Ебу Ханифенин хадис ан-
лайышы ве ханефи фықһынын хадис методу», Анкара,
1994.
Бұл еңбегімізді табалдырыққа табан тіреген тал-
пынысымыз деп ұғыңыздар. Алдағы уақытта еңбегіміз
басқа да бауырларымыздың кәдесіне жарап, өзге
зерттеулердің жүргізілуіне септігін тигізіп, тәй-тәй
басып келе жатқан Исламтану саласына аз да болса
үлесін қосып жатса, мұның өзі мол олжа деп білеміз.
Қажыр-қайрат пендеден, табысқа жеткізіп, жүректерге
жол табу бір Аллаһтан!
Нұр-Мүбарак Египет Ислам
мәдениеті университетінің
оқытушылары, PhD докторы
Әділбаев А.Ш.,
Әділбаева Ш.А.