Previous Page  13 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 400 Next Page
Page Background

13

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

оны дінде терең білім иесі қылады»

4

дей отырып, кісіге

берілген білім нығметінің артықшылығын атап өткен.

Тағы бір хадисінде Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Шайтанға қарсы мың құлдан бір фақиһ (дінді

терең меңгерген кісі) артық»

5

деген. Шынымен де

ғалымдарды шайтан құрығына оңайшылықпен түсіре

алмайды. Өйткені, оған алған білімінің көмектесері

анық.

Білім-ғылымға ерекше көңіл бөлген Ислам дініндегі

ғылымдардың ішінде фиқһ ілімінің орны ерекше. Аллаһ

тағала бұл іліммен шұғылданатын фиқһ ғалымдарын

бүкіл мұсылман үмбеті үшін ақырет күніне дейін

қараңғы түнде жол сілтер темірқазықтай қылды. Осы

абзал жандардың арасында Аллаһ тағаланың жіберген

дінін терең ұғынып, өмірлік ұстанымға айналдырған

шоқтығы биік ғалым Имам Ағзам Әбу Ханифаның

орны бір төбе.

Имам Ағзам жалпы алғанда Ислам әлемінің, жалқы

алғанда өзінің атымен аталатын ханафи ислам ойлау

жүйесінің негізін сонау ерте заманда қалаған дара-

боз ғалымдардың бірі. Ханафи фиқһы – аят-хадистер

негізінде жүйелі ойлаудың үлгісі, адам баласының

сенім, ғибадат, ахлақ, жан-дүниесі мен сыртқы көрінісі

арасында тепе-теңдікті негізге алған, уақыт өте келе бір

жүйеге түсіп үлкен мектепке айналған, әлемнің түкпір-

түкпіріне тараған, төзімділікті насихаттайтын даңғыл

жол. Төзімділік пен мейірімділік Ислам дінінің негізі

екенін көптеген аяттармен ардақтыПайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өмірінен айқын аңғарамыз.

Демек, оның жолы – кейбіреулердің білместікпен

4

Бұхари, Илм, 10; Мүслім, Имара, 175

5

Тирмизи, (2681), ибн Мажа (222)