Previous Page  15 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 400 Next Page
Page Background

15

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

көрген замандас ғұламалары да атаған. Басты себеп,

имамның Ислам іліміне қосқан орасан үлесінде. Оның

қалыптастырып кеткен дара жолы жер шарының

Батысы мен Шығысына жетіп, шұғыласын әлі күнге

дейін шашуда.

Осы еңбегімізде ата-бабамыз баяғыдан бері

ұстанып келе жатқан, ақыл мен ғылымды негіз еткен,

дінде жеңілдік дәстүрін ұстанған Әбу Ханифа мен

ханафи мәзһабының қалыптасуы, ерекшелігі мен та-

ралуын, қолданған діни дәлелдеріне қатысты кеңірек

мәлімет бере отырып, оқырманымызға таныстыруды

борышымыз деп білдік. Ислам әлемінде мұсылман

үмбетінің мақтанышы Әбу Ханифаға қатысты талай

еңбек жазылды, әлі де жазылуда. Алайда, қазіргі

таңда қазақ тілінде Қазақстан Мұсылмнадары Діни

басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлінің

жазған «Ұлық Имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа» атты

шағын кітапша мен Діни басқармамыздың бастамасы-

мен имамымыздың туғанына 1350 жыл толуына орай

өткізілген «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және

қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференция материалдарынан» басқа іргелі еңбек

жоқ. Осы ретте С.Абжаловтың әлі жарияланбаған

«Ханафи мәзһабының діни-философиялық негіздері»

атты кандидаттық диссертациясын (Алматы, 2008 ж.)

да атап өтуге болады. Әрине Әбу Ханифа мен ханафи

мәзһабына қатысты іргелі еңбектердің әлі күнге дейін

жазылып, жарық көрмеуі – ғылымымыз үшін үлкен

сын.

Осы қарапайым еңбегімізде бүкіл ғұмырын Ислам

жолына сарп етіп, терең ілімі, іліміне сай тақуалығымен

ғұмыр кешіп, Ислам мәдениетіне өзіндік үлесін