10
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
тағы бір себебі − өз дүние танымы, бітімі мен бол-
мысы, жүрегі мен діліне оның тонның ішкі бауындай
жақындығында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заман
талабына, шариғатымызға сай жұмыстарын үйлестіре
жүргізіп, бірқатар мұсылман мемлекеттермен байла-
ныс орнатты. ҚМДБ қарауындағы мешіттердің түгел
дерлігі Әбу Ханифа мәзһабы бойынша діни жол,
мектеп ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі
мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап,
оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.
Ханафи мәзһабы тек Әбу Ханифаның пікірлері
мен шығарған үкімдері емес, ғасырлар бойы ханафи
мәзһабының фиқһ негіздері шеңберінде шығарылған
үкімдер жиынтығы. Сондықтан ғұламалар ханафи
мәзһабының белді ғұламаларының еңбектері жайлы:
«Фиқһ ілімінің дәнін Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) екті,
имам Әлқама өніп шыққан егінді суғарды, Ибраһим
ән-Наһаи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны
диірменге тартты, имам Әбу Йусуф ұннан қамыр
жасады, имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық
халық осы күнге дейін имам Ағзам дайындаған ұннан
жасалған нанды жеп келеді», − дейді.
Ұлық имам − Әбу Ханифа қашанда ғұмыры мен
бар дәулетін Алла разылығы жолында жұмсап, келер
ұрпаққа жақсы өнеге қалдырды. Ол қайтыс болғанда ибн
Жариж қайғыға беріліп: «Қандай білім кетті! Қандай
білім кетті!» деп жылаған екен. Сірә, Абай атамыздың:
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына
сөз қалдырған!» деген даналық сөздері осындай дара
тұлғаларға арналған шығар.