Previous Page  8 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 400 Next Page
Page Background

8

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Қазіргі таңда әлем халқының төрттен бірі

мұсылмандардың қарасын құраса, солардың 48

пайызы осы Ислам ғылымының білгірі Әбу Ханифа

мәзһабына мойынұсынатыны белгілі. Әбу Ханифа

мәзһабы негізінен Орталық Азия елдері: Үндістан,

Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Қауказ,

Қазақстан аймағында кеңінен тараған. Африканың

бірқатар елдері Имам Мәлік мәзһабын ұстанса, имам

Шафиғи мәзһабы Мысыр, Сирия, Малайзия, Индо-

незия мұсылмандарының берік сеніміне айналған.

Ал Ахмед ибн Ханбәл мәзһабының діңгегіне Парсы

шығанағында өз өркениеттерін қалыптастырған

халықтар сүйеу болып келеді. Исламдағы айтулы төрт

мәзһабтың негізін салушылар өз заманында қасиетті

Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне

сүйеніп үкім шығарған. Осыған орай, мәзһабқа барлық

мемлекеттерде құрмет көрсетіледі. Дініміздегі төрт

мәзһаб ғасырлар елегінен Исламды өткізіп, оны қазіргі

таңға дін аман жеткізді. Мәзһабтардың бір-бірінен

ерекшелігі көзқарастарында екенін ойға ала отырып,

біз өз мәзһабымызды абзал санап, қалған үш мәзһабқа

құрметпен қараймыз.

Исламның төрт құбыласын тең етіп тұрған

төрт мәзһаб ішіндегі жүректерге қонымдысы,

мұсылмандықты қабылдағанның көңіліне бейімдісі,

қарға тамырлы қазақтың жүрегі мен табиғатына,

салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақындығын ақыл

таразысына салып − жалпақ даланы желіп өткен

бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны имам

Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы. Ханафи мәзһабы тұла

бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл

құндылықтарға бай.