11
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Қазақстан халқының басым бөлігі Әбу Ханифа
мәзһабын ұстанады. Сондықтан мақсат − халқымыздың
имандылығын, рухани деңгейін өсіру үшін
адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін, әділдікті,
шындықты, адалдықты уағыздайтын Ислам дінінің
құндылықтарын сауаттылық әрі парасаттылықпен на-
сихаттау, халыққа Әбу Ханифаның кім екенін, ілімде
қаншалықты тереңдігін көрсету, Ханафи мәзһабымен
кеңірек таныстыру.
Аталмыш мақсатта 2009-жылы Әбу Ханифаның
1350 жылдығына орай, «Имам Ағзам Әбу Ханифа
мәзһабы және қазіргі заман» атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгенімізден
жаңалықты қалт жібермейтін ойы жүйрік дүйім
жұртшылық хабардар.
Осы орайда «Саңлақ сахабалар», «Кемелдік
кілті», «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» атты
еңбектерімен көзі қарақты оқырманнан өз бағасын алып
үлгерген, еңселі елге есімі белгілі қос дінтанушы, тео-
логия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбәрак Мысыр
Ислам мәдениеті университетінің оқытушылары – Алау
Әділбаев пен Шәмшат Әділбаева жазған бұл еңбектің
оқырманға берері мол.
Ылайым жұртымыз бір дін, бір мәзһабта ынтымақ
жарастырып, бейбітшіліктің хошыменен бақытты да
баянды, тату-тәтті өмір сүре берсін!
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасы және Орта Азия мүфтилер
кеңесінің төрағасы, шейх, бас мүфти
Әбсаттар Дербісәлі