7
Алғысөз
Тіршіліктің мызғымас заңына қарасақ, таңның
атуына жақын қараңғылық қоюлана түсетінін көреміз.
Жаһилия кезеңінде де қараңғылық пен надандықтың
көрпесін серпіп тастау ешкімге бұйырмаған бақыт
болды. Алайда, Ислам дінінің келуімен түн түріліп, қара
түнек бұлттан жарқырап күн шыққандай әсер берді.
Адамзаттың ауған көші қайта түзеліп, өз жүрісінен
жаңылмай, Араб түбегінен бастау алған нұр көп өтпей-
ақ, төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне сәулесін самала-
дай төгіп, құрлық-құрлықты аралап, кең тарап кетті.
Ардақты пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен
әділетті халифалардың кезеңінде Ислам дінінің өрісі
кеңейіп, түрлі тайпа мен қауым өкілдері лағынеттелген
Ібілістен іргелерін аулақ салып, көзсіз адасушылықтан
бас тартып, лек-легімен мұсылмандықты қабылдап
жатты. Алғашқыда туындаған мәселелерге салиқалы
шешімді хазірет Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
өзі берді, кейінірек әділетті абзал халифалар нүкте
қойып отырды. Ислам жағрапиясы мейлінше кеңейген
кейінгі ғасырларда табиғиндер мен тәбә-и табиғиндер
кезінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән
ерекшеліктерінен туындаған мәселелер қатары мо-
лайып, ендігі жерде бұған үмбеттің білікті де білімді
ғұламалары ғана жауап айтатын болды. Сондай дара
туған перзенттердің бірі, Құран мен сүннетке, фиқһ
пен тәпсірге, ақида мен хадиске жүйрік өз дәуірінде
Имам Ағзам атанған Әбу Ханифа еді.