Previous Page  12 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 400 Next Page
Page Background

12

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Кіріспе

Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше

Мейірімді Аллаһ тағаланың атымен бастаймын. Күллі

мадақ пен мақтау жалғыз Аллаһқа ғана тән. Екі әлемнің

мырзасы, пайғамбарлар падишасы хазірет Мұхаммедке

салауат айтып, сәлем жолдаймыз!

Абайша айтқанда, адамзатты махаббатпен жаратқан

Ұлы жаратушымыз пенделерінің игілігі үшін тура

жол көрсететін пайғамбарлар жіберіп, оларға кітап

түсірді. Ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ең соңғы, кәміл түрде түсірілген

Құран кәрімнің ең алғашқы әмірінің «Оқы!» деп келуі

– Ислам дінінің білім-ғылымға қаншалықты көңіл

аударғанын о баста-ақ аңғартты. Ең сүйікті құлына

«Раббым ілімімді арттыр!»

1

, – деп дұға етуін үйретті.

«Білгендер мен білмегендер тең болады ма?»

2

– деп

білімнің артықшылығын соқырға таяқ ұстатқандай

көрсетіп берді. Осы мәндес аяттардың бірінде:

«Аллаһ

тағала даналықты (терең білімді) қалаған құлына

береді. Ал кімге даналық берілсе, оған көптеген

игілік берілгені. Бұны ақыл иелері ғана түсіне

алады»

3

деп ілімнің, ізгіліктің қайнар көзі екендігін

айта отырып, ізденуге үндейді. Әрине, даналыққа

жетудің жолы мың-сан. Соның ішінде, ілімнің алар

орны бөлек. Ардақты пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

да бір хадисінде:

«Аллаһ кімге жақсылық тілесе,

1

«Таһа» сүресі, 114-аят

2

«Зүмәр» сүресі, 9-аят

3

«Бақара» сүресі, 268-аят