14
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
«Пайғамбарымыздың кезеңінде мәзһаб болмаған,
мәзһаб – бидғат, ал ол барып тұрған адасушылық, аят
пен хадистер тұрған кезде мәзһабқа қажеттілік жоқ»
(Құдай мұндай ойдан аулақ қылсын!) деп жүргеніндей
Исламнан бөлек емес, Исламның уызымен қоректенген
жол екендігіне оның ғибратты ғұмырымен тереңірек
танысқан кезде анық көз жеткіземіз. Міне, сондықтан
да осы түсінік өміршеңдігімен, жасампаздығымен
ерекшеленіп, әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Тирмизиден
жеткен бір хадисінде
«Ғұламалар – пайғамбарлардың
мұрагерлері. Пайғамбарлар соңынан динар немесе
дирхам емес, ілім қалдырады. Кім соған қол
жеткізсе, үлкен мәртебеге жеткені»
6
дегеніндей,
ақырғы Пайғамбардан кейін пайғамбар келмейтін
болғандықтан, оның нұрлы жолын жалғастырып,
дамытатын, уақыттың талабына қарай адамдардың
қажеттіліктеріне жауап беретін ғалымдар болмақ.
Сондай ғалымдардың бірі – артынан өшпес із
қалдырған Имам Әбу Ханифа. Сондықтан да, қазіргі
таңда дінді толық меңгермей жатып, әлгіндегідей
жаңсақ пікірлерді таратып жүргендердің ұстанымдары
бір қарағанда дұрыс сияқты көрінгенімен, ғылыми
негіз бен тұжырымдардан мүлдем алшақ екені Ислам
ілімінен хабары бар әркімге аян.
Жалпы Ислам дініндегі фиқһ ілімінің қалыптасуы,
бір жүйеге келтірілуі мен кең жайылуы осы ұлық
имам Әбу Ханифаның атымен тікелей байланыс-
ты. Оны «Имам Ағзам» (Ұлық Имам) деп тек сол
мәзһабты ұстанушылар ғана емес, ілімдегі тереңдігін
6
Нәуәуи, Нузхатул-муттақин, Риядус-салихин, ІІ т., 194-б.
№1389. Бейрут, 2001.