Previous Page  20 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 400 Next Page
Page Background

20

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

екінші топ мәулиден шыққанын айтуға негіз бар

секілді. Әбу Ханифаның арғы атасы Мәрзубан (Мах)

дәулетті кісі болған. Өйткені, мәрзубан – парсы тілінен

аударғанда бай деген мағынаны білдіретін лақаб ат, әрі

Пәхләуйлар мен Сасанидтер кезеңінде мәрзубан деген

атақ аймақ басшыларына берілген атау.

Қалай дегенде де, атасының тұтқындалып, құл

болуы ұзаққа созылмаған. Мұсылмандықты қабылдап,

азаттығын алғаннан кейін аз уақыттың ішінде бұрынғы

дәулеті мен беделіне қол жеткізген. Бұны атасы

Зәутаның Куфада төртінші халифа хазірет Алимен

(р.а.) жолығып, Наурыз мейрамында оған мухаллаба

(тәтті) сыйлағанынан байқаймыз. Өйткені, ол кездері

халифаға тек байлар ғана мухаллаба сыйлай алатын

еді

15

.

Осы жиында хазірет Али (р.а.) Зәутаның қасындағы

баласы Сәбитке ізгі ұрпақ нәсіп болуын тілеп, «Аллаһ

тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол

береке берсін!» деп дұға қылған

16

. Имам Ағзамның

немересі Исмаил ибн Хаммад «Біз осы дұғаның

қабыл болғанына сенеміз»

17

, – дейді. Шын мәнінде,

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ұрпағын

жалғастырған ілім дариясы хазірет Алидің дұғасы

орындалып, барша мұсылман үмбетіне ізгі іс қалдырған

Әбу Ханифа дүниеге келді. Бәлкім, Әбу Ханифаның

Пайғамбар ұрпақтарына деген терең сүйіспеншілігінің

астарында да осы дұға жатқан болар, кім білсін.

15

Бағдади,13-т., 326-б.

16

Әбу Абдуллаһ Хусәйн ибн Али әс-Сәймиәри,

Ахбару Әби

Ханифа уә асхабихи,

Бейрут, 1985, 2-б.

17

Ибн Халликан,

Уәфәятул-аъян уә әнбәи әбнәиз-заман,

Бейрут,

жылы көрсетілмеген, 5-т., 405-б.