22
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
алағашқы саптағы сахабалардың өзіне қолбасшы етіп
қойғаны тарихтан мәлім.
Шын аты: Көпшілік ғалымдар Әбу Ханифаның
шын аты ән-Нұғман ибн Сәбит ибн Зәута екендігін
айтқан
20
. Нұғман деген негізгі атының да өзіндік
мағынасы бар. Ол «Тәнге қуат беретін қан немесе
жан» деген мағынаға келеді. Нұғман деп аталуының
себебі, кейінгі кезеңде оның фиқһ ілімінің алып ұстазы
атанып, сіңірген еңбегіне байланысты адам бойында
тіршіліктің негізі саналған денедегі қан секілді қызмет
етуінде жатса керек. Сонымен қатар, Нұғман сөзін
«Ниғмадан» туындаған десек, онда «Аллаһ тағаланың
құлдарына жасаған нығметі» дегенді білдіреді
21
. Шын
мәнінде, оның мұсылман әлеміне сіңірген еңбектері мен
қалдырған мол мұрасынан атына заты сай болғанын
көреміз.
Лақаб аты: Араб елінде лақап атпен атау құрмет-
сыйды білдіреді. Алып имамның кең танымал лақабы
– Әбу Ханифа. Әбу Ханифа сөзінің негізі «Ханиф»
сөзінің муәннәс (женский род) формасынан тарай-
тын араб әдеби тілінде «Тақуа құл» деген мағынаға
саятын «Ханифадан» келеді. Ал Ирак диалектісінде
«Ханифа» деп жазу құралын атаған. Яғни, Имам Ағзам
үнемі қаламды беліне тағып алып жүргендіктен солай
аталып кеткен деген де көзқарастар бар
22
. Сонымен
қатар, Ханифа атты қызы болғандықтан осы лақаппен
аталған деген пікірлер кездескенімен, оны ғұламалар
20
Хатиб әл-Бағдади,
Тариху мәдинәтис-сәләм
, Бейрут, 2001,
15-т., 446-б.; әл-Мекки,
Манақиб,
37-б.
21
әл-Мекки,
Манақиб,
41-б.
22
Хайсами,
Хайратул-хисан фи манақиби әл-Имамил-Азам Әби
Ханифәтин-Нуман,
Бейрут, 1983, 41-б., Р. Батыр, Абу Ханифа
жизнь и наследие, 16-б.