Previous Page  19 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 400 Next Page
Page Background

19

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Уәйлдің құлы болып, кейіннен азат етілген десе

11

,

екінші бір риуаятта оның ата-бабаларының ешқашан

құл болмағандығы айтылған

12

.

Имам Әбу Ханифа мәуәли ғалымдары санатынан.

Осы мәуәли ұғымына келсек, ол араб тіліндегі сөздікте

«Қорғаушы, көмекші, ие, дос, азат етуші қожайын, азат

етілген құл» деген мағыналарды береді. Ал термин

ретінде ол – өз еркімен Исламды қабылдаған ұлты

араб емес мұсылмандарға берілген атау. Ал олар екі

топқа бөлінеді. Алғашқысы соғыста тұтқынға түсіп құл

болған, кейін иесі азат еткен мәуәлиул-итақа, екіншісі –

жаулап алынған елдердің арасында тұтқынға түскенімен

құл болмаған, араб тайпаларының біреуімен келісіп,

қоғамда беделін сақтау үшін күшті рулармен келісімге

келіп, паналаған араб емес мұсылмандар. Оларды

«Мәуәлиул-Ислам, мәуәлиул-муалат, мәуәлиул-ахд»

деп атаған

13

. Сондықтан, Әбу Ханифаның немересінің

ант іше отырып, аталарының құл болмағандығын

айтқанын ескерсек

14

, Әбу Ханифаның әкесінің осы

11

Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа фи фәдәилис-сәләсәтил-фуқаха,

Дәрул-кутубил-илмия, Бейрут, жылы көрсетілмеген, 123-б.

12

Бағдади өзінің «Тарихул-Бағдат» атты кітабында «Аллаһ аты-

мен ант етемін, біздің ұрпағымызда есік көзін баққан ешқандай

құлдық болған емес» деп айтқан. әз-Зәхәби,

Манақибу Имам

Ағзам Әби Ханифа

, 15-бет.

13

М. Синаноглы Мәуәли

, // Ислам ансиклопедиси, ТДВ, Анкара,

2004, 29-т, 424-б.

14

Әбу Ханифаның немересі Исмаил ибн Хаммад өзінің ата

тегін айтқан кезде «Мен Мәрзубанның баласы Нұғман, оның

баласы Сәбиттің баласы, Нұғманның баласы Хаммадтың

баласы Исмаил» дей келе ант ете отырып, аталарының құл

болмағанын тілге тиек еткен. Тақиюддин ибн Абдулқадир әт-

Тәмими,

Табақатус-Сәния фи тәрәжимил-ханафия,

Дарур-

руфаи, Рияд, 1983, 1-т., 75-б.