18
Дүниеге келуі, шын аты, лақаб
аты мен ныспысы
Әбу Ханифа һижри жыл санауы бойынша 80 жылы
(милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи)
халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық
тұсында дүниеге келген
7
. Ата-бабасы Кабулдан қоныс
аударған. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде,
ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде
өткізді.
Әбу Ханифаның әкесінің аты – Сәбит, атасының
есімі – Зәута. Әбу Ханифаның ұлтын араб
8
, набатей,
түркі
9
, т.б. дегендер кездескенімен, Әбу Захра оның
дәулетті парсы әулетінен шықты деген көзқарасты
көпшілік ғалымдар қолдайтынын айтады
10
. Атасы
Зәута Вавилонда туылған. Бір риуаят бойынша, арабтар
ол жерлерді қол астына алғанда атасы тұтқынға түсіп,
Тайм ұрпағынан Сағләбәның немесе Бәкірдің ұрпағы
7
Имам Хафиз әз-Зәхәби,
Манақибу Имам Ағзам Әби Ханифа
уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан,
Ләжнәту
ихяил-маарифи ән-Нумания, Бейрут, һижри 1419 ж.,
3-басылым, 13-бет.; Хатиб Бағдади,
Тарихул- Бағдад,
Бейрут,
жылы көрестілмеген, 13-т., 330-б.
8
Әрине, оны араб деу шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені,
оның мәуәлиден екені белгілі. Ал мәуәли деп араб еместерге
қарата айтылған.
9
Түріктің кейбір ғалымдары Әбу Ханифаның атасы Зәутаның
Термездік, ол кезде Термез аймағының түрік халықтарының
көп шоғырланған аймақ екенін айта келе, түрік болуы ғажап
емес дейді.
10
Әбу Захра.
Әбу Ханифа, хаятуһу уә асруһу, арауһу уә фиқһуһу,
Дарул-фикрил-араби, Каир, 1997; Батыр Р., Абу Ханифа жизнь и
наследие, «Медина» баспасы, Н.Новгород-Ярославль, 2007, 15-б.