24
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ғылыми танымының қалыптасуы
Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалып-
тасуына туған жері Куфа өз әсерін тигізді. Куфа
көне мәдениеттердің бесігі болумен қатар, Пайғам-
барымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларының
да көптеп қоныс аударып, сол сахабалардың ілім
кәусарынан сусындаған табиғиндардың өмір сүріп,
ілім шырағын шартарапқа таратқан айтулы өңір бола-
тын.
Болашақ мұсылман үмбетінің шамшырағы Әбу
Ханифа бала күнінен Құранды жаттап өсті. Құран
ілімін атақты жеті қырағат ғалымы Имам Асымнан
үйренеді
25
. Құранға деген ыстық ықыласы сонша, ра-
мазан айында Құранды 60 рет хатым еткендігі риуаят
етілген
26
. Жас кезінде саудамен айналыса жүріп, хадис
және фиқһ ғалымдарынан сабақ алды. Араб тілі мен
грамматикасын, әдебиетін меңгерді.
Әбу Ханифа ілім алумен қатар, ешкімге кіріптар
болмау үшін әкеден қалған кәсібіне, яғни саудаға
көбірек көңіл бөлемін деп, көбіне ілім алқаларына
тұрақты қатыса алмайтын. Ғұламалардың біразы
Әбу Ханифаның зеректігін, ақылдылығы мен ерекше
алғырлығын байқап, мұндай зеректік, данышпандықтың
сауда жолында ғана жұмсалуын обал санап, саудаға
мән бергенінен гөрі ілімге бет бұрғанын қатты қалады.
Солардың бірі әш-Шағби еді. Әбу Ханифа бұл жайын-
да былай әңгімелейді:
«Бір күні әш-Шағбидің жанынан өтіп бара жатқан
едім. Мені қасына шақырып алып:
25
Зәхәби,
әл-Ибәр фи хабари мән ғәбәр,
Кувейт, 1960, 1-т., 214-б.;
Хәйсәми,
Хайратул-хисан,
265-б.
26
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
30-б.