26
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сынға алған. Осы риуаяттарда әуелі Әбу Ханифа ақида
ілімімен айналысқан делінеді. Зәхәби ол кездері әлі
ақида ілімінің жүйелі түрде қалыптаспағандығын атап
көрсетеді
30
. Десе де, сол кездері төртінші халифа Али
ибн Әбутәліп кезеңінде орын алған Жәмәл (656 ж.),
Сыффин (657 ж.) және төреші тағайындау мәселесі
кәләмдық мәселелердің тууына жол ашты. Осы
оқиғалардан кейін «Үлкен күнә, амал-иман, тағдыр,
Құранның махлуқ (жаратылған) болып-болмағындығы,
Аллаһ тағаланың мүтәшәбих (антропоморфтық) сипат-
тары
31
секілді кейбір тақырыптар қызу талқыланып,
мұсылмандардың арасында қадария, жәбрия, мүржия,
муғтазилә секілді топтар, сонымен қатар, әуелі саяси
бағыт ұстанып, кейін сенімдерін діни негіздермен
байланыстырған харижиттер мен шииттер шыққан
еді.
Әбу Ханифаның әуелі кәләм ілімімен айналысқанын
айтушылар оның «Әл-Фиқһул-әкбар»
32
деген кітабына
сүйенген. Шын мәнінде, ондағы тақырыптар кәләм
ілімінде талқыланған мәселелерді қамтығанымен, оның
30
Зәхәби,
Сиәр,
6-т., 398-б.
31
Ван Эсс, хижраның 70 жылдарының өзінде аталмыш
пікірталастардың нәтижесінде сол ерте кезеңде кәләм ілімінің
қалыптаса бастауына негіз болғанын тілге тиек еткен. Қараңыз:
Ess, Josef Van, Ислам келамынын башлангыжы, (аударған Ш.
Али Дүзгүн), A.Ü.İ.F.D, 2000, 401-б.; И. Хаккы Үнал,
Имам Ебу
Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис мето-
ду,
18-б.; Р. Батыр, Абу Ханифа жизнь и наследие, 32-б.
32
Әбу Ханифаның ақидаға қатысты көзқарастарын қамтыған «әл-
Фиқһул-әкбар» кітабының мәшһүр риуяттары баласы Хаммад
пен шәкірті Әбу Мұтғи әл-Хәкәм ибн Абдуллаһ әл-Бәлхи жолы
арқылы жеткен. Қараңыз: Әбул-Хайр Мухаммад Әйюб Али,
Ақидатул-Ислам уәл-имам әл-Матуриди,
Докка, 1983, 106-б.;
Катиб Челеби,
Кәшфуз-зунун,
Анкара, 1941, 2-т., 1287-б.