9
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Күні кеше қызыл империя салған 70 жылдық
зобалаңнан кейін, атеистік уыттан әлі айыға қоймаған,
түрлі діни ағым шапанынан шыға алмай жүрген, діни
білімі мен танымы кемшіндеу кейбір бауырларымыз:
«Әбу Ханифа кейбір сахих хадистерді елемеген. Әбу
Ханифа мәзһабын ұстанудың не қажеті бар?» – деген
қитұрқы сауалдарын құлағымыз шалып жатады. Бұл
сауалды қоюшыға Әбу Ханифа мәзһабының мән-
маңызын ұғынып, сарабдал сырларына үңілуге кеңес
берер едік. Екіншіден, олар бұл құқықтық мектепті
ата-бабаларымыз неге ұстанғанын, оның өміріміз бен
қоғамымыздағы алар орны мен рөлін бағамдағаны
ләзім. Үшіншіден, Әлем мұсылмандарының жартысы-
нан жуығы неге осы мәзһабты ұстанады? Себебі, бірлік
пен ынтымақ адамзат баласы үшін құнды қазына.
Исламдағы бір мәзһабта болудың артықшылығы
сол − халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті,
ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда
қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай,
ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының
да бірден-бір сыры осында. Әйтпесе өз мақсаттары
мен мүдделерін іске асыру үшін аянып қалмайтын
түрлі сенім өкілдерінің тасамыздан тас атып жүргені
де жасырын емес. Сондықтан, бірауыздан үн қатып,
бірлесе отырып, бір мәзһабта тізе қосып алға
жылжысақ, ешкімнің бізге тісі бата қоймасы анық.
Өйткені құлшылық амалдарының бір болуы ондай жат
пиғылдың тууына жол бермейді.
Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен
салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен
әрі жариялылығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай
көшпелі халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының