64
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Мұхаммед кейбір кітаптарында Әбу Юсуфтың риуа-
яттарын атап өтеді. Имам Мұхаммедтің «Жамиус-
сағир» атты кітабындағы риуаяттардың барлығы – Әбу
Юсуфтың риуаяттары. Аталмыш еңбектің әр тарауын
жазғанда «Бұл Әбу Юсуфтың риуаяты» деп айтып, атап
кетеді. Бұл тараудың барлығы Әбу Юсуфтан дегенді
білдіреді. Бірақ, «Жамиул-кабир» атты кітабында
алдындағы секілді Әбу Юсуфтың риуаяты деп айтпай-
ды, өйткені, онда басқа риуаяттар да бар болатын.
Имам Мұхаммедтің кітаптары ханафи фиқһының
ең басты қайнар көзі болып табылады. Имам
Мұхаммед осы еңбектерінде риуаяттарды мейлі Әбу
Юсуфтан алсын, мейлі Ирак фиқшыларынан алсын,
барлығының негізі бір. Имам Мұхаммедтің жазған
еңбектері сенімділік жағынан бірдей емес. Ғұламалар
оның еңбектерін сенімділік жағынан екіге бөліп
қарастырған:
Біріншісі: Мутауатир жолмен, яғни, сенімді
шежіремен жеткен кітаптар. Бұлар: «Мабсут»,
«Зиядат», «Жамиус-сағир», «Жамиул-кабир», «Сиярул-
кабир», «Сиярус-сағир». Аталмыш еңбектер Имам
Мұхаммедтен сенімді ғалымдар арқылы жеткен
және бұл еңбектерді «Заһирур-риуая» деп атайды.
«Китабул-асар» еңбегі де осы топқа кіреді. Бұл кітапта
Әбу Ханифаның дәлелдері мен келтірген хадистері
жазылған. Ханафи фықһы осы бірінші жолмен жеткен
«Заһирур-риуая» кітаптарында қамтылған деуге
болады
Екіншісі: Науадир кітаптары. Бұл еңбектер
«Заһирур-риуая» кітаптары секілді сенімді жолмен
жетпеген. Нақтылық жағынан маңызы кем деп
есептеледі. Бұған «әл-Кайсаният», «әл-һаруният»,