Previous Page  70 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 400 Next Page
Page Background

70

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

аянып қалмайтын. Шәкірті имам Мұхаммед осы Әбу

Ханифаның мектебінен тәлім алып, кейіннен әйгілі

ғалым, мүжтәхид болды емес пе? Аллаһтың берген

байлығын дін жолында жұмсап, білімнің мәртебесін

үстем еткен ғалымдардың бірі еді.

Әбу Ханифа тақуалықты ту етіп өмір сүрді.

Мұхаммед ибн Хаммад ибн Мүбәрак «Әбу Ханифаның

өмірбаяны» атты кітабында Иазид ибн Кумайттың

мына бір әңгімесін келтірген. «Әбу Ханифаға бір кісі

келіп, «Аллаһтан қорық!» дейді. Сол-ақ екен, Әбу

Ханифаның өңі боп-боз болып кетеді. Жел өтінде

қалған күзгі жапырақтай қалтырап үнсіз тұрады да:

«Аллаһ саған разы болсын. Бұл сөз адамдарды қалай

тәубесіне келтіретінін білсең ғой!» деп ризашылығын

білдіріп, рахметін айтқан екен».

Әбу Ханифа таза мұсылман отбасынан тәрбие

алған. Кішкентай кезінен Құран жаттап өскен. Бұрын-

соңды өткен мұсылмандардың арасында Құранды ең

көп оқығандардың бірі десек, қателеспеген болар едік.

Кейбір адамдардан бұл кісінің Ораза айында Құранды

алпыс мәрте хатым еткені риуаят етіледі

124

.

Оның тақуалығына мына оқиға дәлел болса керек.

Бірде Куфа қаласының маңындағы әлдебір ауылды

қарақшылар шауып, қораларына түсіп, қойларын

алдына салып айдап әкетеді. Болған жайды имам

Ағзам Әбу Ханифа естіп, қатты налиды. Қолды қылған

қойларды қарақшылар қалаға алып келіп сатып, пайда

көруі мүмкін, егер мен оны байқаусызда сатып алсам,

біріншіден, оларға жәрдем берген боламын, екіншіден,

харам малдың еті өңешімнен өтіп кетіп жүрер деп бір

124

әз-Зәхәби,

Манақиб

, 22-б.