Previous Page  74 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 400 Next Page
Page Background

74

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Әбу Ханифа алдымен өзі амал қылатын.

Имам Ағзам Әбу Ханифа жұма күндері Куфаның

орталық мешітінде уағыз айтатын. Бір күні жұма

уағызынан кейін әлдебір құл келіп: «Ұстаз, сізден

кішігірім бір өтінішім бар еді» деп келесі жұмада құл

азат етудің пайдасы жайлы уағыз айтуын сұрайды.

Мүмкін қожайынының көңілі жібіп өзін азат етер

деп үміттенген шығар. Әбу Ханифа «Мақұл, сенің

дегенің болсын» деп келісімін береді. Әне-міне деген-

ше келесі жұма да келіп жетеді. Бірақ, имам уағызын

басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір апта өтеді. Құлдың

өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада ғана

имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы

мен артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз

айтады. Жұма хұтпасынан соң әлгі құлдың қожайыны

келіп: «Ұстаз, куә болыңыз, Аллаһ разылығы үшін

құлымды азат еттім», – дейді. Әбу Ханифа «Аллаһ

сізден разы болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан

жазсын!» деп бата береді. Бостандық алған құл имам

Ағзамға келіп рахметін айтып, таңғалыспен: «Ұстаз,

бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге

бүгін ғана орындадыңыз?» – деп сұрайды. Сонда Әбу

Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ

еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп ақша жина-

дым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан

рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл

амалды өзім істемей тұрып басқаға айтсам, ешқандай

әсері болмас еді. Қожайының да саған азаттық бермес

еді», – деген екен

131

.

131

Ә. Дербісәлі, Ұлық Имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа, 17-б.