Previous Page  78 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 400 Next Page
Page Background

78

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Бір күні бейтаныс кейуана келіп:

– Мен кедеймін, маған мына киімді өз бағасына

сат! – дейді.

– Төрт дирхамға ал! – дейді Әбу Ханифа.

– Әзіліңді қой, – дейді қарт әжей, – сататын болсаң

өз бағасына бер, әйтпесе сенімен әзілдесіп тұратын

уақытым жоқ. Сонда Әбу Ханифа :

– Әзіл емес, шыным сол. Бұл киімнен екеу сатып

алған болатынмын. Біреуіне ақша қосып сатқанымда,

екеуіне кеткен ақшаны төрт дирхам жаппай қалып еді.

Сол төрт дирхамға саған-ақ берейін, – деп су тегінге

беріп жіберген екен

137

.

Тағы бір риуаят бойынша Әбу Ханифа саудадағы

серігі Хафс ибн Абдурраһманды әлдебір заттарды

сатып келуге жұмсайды. Бірақ, тауарларының ішінде

сапасында кінәрат кездесетін бұйым да бар болатын.

Әбу Ханифа Хафсқа жаңағы затты сатып алғысы

келген адамға кемшілігін ескертуді тапсырады. Бірақ,

Хафс Әбу Ханифаның тапсырмасын ұмытып кетеді.

Келгеннен кейін ғана есіне түеді. Қас қылғанда, кімнің

сатып алғанын да есіне түсіре алмайды. Әбу Ханифа

сол жолғы саудасынан түскен табыстан бір сабақ жіп

қалдырмай садақа етіп таратып жіберген екен

138

.

Имам Ағзам білімімен қоса саудамен де айналысты.

Күндіз мешітте бесін уақытына дейін шәкірттеріне

сабақ берсе, бесіннен кейін саудасына қарайтын. Бір

күні шәкірттеріне сабақ беріп отырғанда бір адам

мешіттің есігінен айқайлап:

137

әз-Зәхәби,

Манақиб

, 42-б.

138

Бұл да сонда, 8-т., 358-б., әз-Захаби,

Манақибу Имам Әби

Ханифа

, 41-б.