Previous Page  79 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 400 Next Page
Page Background

79

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

– Әй, имам, тауар артып келе жатқан кемең

суға кетті, – дейді. Имам Ағзам аз ғана бөгеліп

«Әлхамдулиллаһ» дейді де, сабағын жалғастыра береді.

Біраз уақыт өткеннен кейін дәл сол адам қайтадан

келіп:

– Әй, имам, айыпқа бұйырма, қателесіп кеткен

екен, батқан кеме сіздікі емес көрінеді, – дейді. Имам

Ағзам бұл жаңалыққа да «Әлхамдулиллаһ» дейді. Ха-

барды жеткізген кісі таң қалып:

– Уа, имам, кемең батты деп хабар жеткіздік.

«Әлхамдулиллаһ» дедің. Батқан кеме сенікі болмай

шыққанын айттық. Тағы «Әлхамдулиллаһ» дедің.

Бұл шүкіршілік (хамд) не үшін? – дейді. Сонда Имам

Ағзам:

– Сен кеме батты деп айтқаныңда жан дүниеме,

жүрегіме үңілдім. Дүние мал-мүлік үшін қамықпағаным

үшін Аллаһқа шүкіршілігімді білдірдім. Маған батқан

кеме менікі емес екенін айтқаныңда тағы да жүрегімді

тыңдадым. Дүние байлығының қайта оралғанына

титтей де қуаныш сезбедім жүрегімнен. Сол баяғыша,

бірқалыпты екен. Байлыққа, дүниеге құштарлық

болмағаны үшін, Аллаһтың берген осы жүрегі үшін

тағы да Оған шүкіршілігімді білдірдім, – деген екен.

Аузына бір түйір харам ас салмаған, азды-көпті

табысына қанағат қылып шүкір еткен тақуалығынан

болар, Аллаһ тағала да оған байлықты ниетіне

қарай үйіп-төгіп берген еді. Көбіне білім жолын-

да жүргендерге көмектесетін. Бағдадидің айтуына

қарағанда, жылдық табысын жинап, ұстаздарына,

хадис ғұламаларына керек-жарақтарын алып беретін.

Артылғандарын да соларға қалдыратын. «Бұларды

қажет жерге жұмсаңдар. Аллаһқа көп шүкіршілік