84
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
4. Екі жазаны бірдей орындаған екен. Егер екі жаза
беру үкімі шыққан күннің өзінде де, бірдей екі жаза бір
мезгілде, яғни, бірінен кейін бірі іле-шала орындалмай-
ды. Әуелгі дүре соғылған жердің жарасы жазылғанда
ғана барып осындай жаза қолданылады.
5. Дүрені мешітте соқтырған екен. Негізінде,
басшының дүрені мешітте соқтыруға хақысы жоқ.
6. Тұрғызып қойып дүрелеген. Әйел адамға дүрені
отырғызып қойып соғады.
7. Дүре соғылған кезде оның уәлиі (қамқоршысы:
әкесі немесе оның басқа туыстары) қасында болмаған.
Әйел адамға дүре соғылған кезде қасында қамқоршысы
болуы тиіс. Өйткені, киімі түріліп тәні көрініп қалған
жағдайда, ашылып қалған жерін қымтап отырады».
Міне, осы оқиға Куфада «Әділ қазы жеті жерде
қателескен үкім» деген атпен ел аузында кеңінен тарап
кетті
145
.
Әбу Ханифаның шығарған үкімі нақты, ақылға
қонымды болатын әрі қалаған мәселеде өз көзқарасын
айтып, иіп әкеп соған иландыратындай қабілетті еді.
Мысалы :
Ибн Әби Ауаманың сөздерін Мұхаммед ибн әл-
Хасан былай жеткізеді: Әбу Ханифа Бағдатта жүргенде
оның шәкірттері Әбу Юсуф, Зуфар, Асад ибн Амр
және басқа да фиқһ ғұламалары жиналып, әлдебір
мәселенің дәлелдеріне қатысты ортақ шешімге келіп,
оның дұрыс немесе бұрыстығын Әбу Ханифадан
сұрайды. Олардың сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдаған
имам асықпай жауап береді. Бірақ, имамның жауабы-
на олар қанағаттанбайды. Арасынан біреуі: «Әй, имам,
145
Әбу Юсуф, Ихтиләф, 164-165-беттен И. Хаккы Үнал, 23-24-б.;
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 351-б.