Previous Page  88 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 400 Next Page
Page Background

88

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Халифа Мансұрға Әбу Ханифаның бұл жауабы

ұнамады, әрине. Барлығы тарағаннан кейін халифа Әбу

Ханифаны өз бөлмесіне шақырып алып:

– Айтқандарыңның бәрі дұрыс! Бірақ, бұдан былай

бұл жерден кеткенің жөн. Мынадай пәтуаларыңды ел

естімесін. Әйтпесе, басшылардың айыптарын ашып,

елдің көтерілуіне мүмкіншілік жасап берерсің

147

, –

деген екен.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның зеректігі

Имам Ағзам жас шағында Басра қаласында бір

мәжусимен кездеседі. Қалаға сауда жасау мақсатымен

келген мәжуси «Мен отқа Аллаһ деп табынамын.

Өйткені, ол отты көремін. Ал сендердің Аллаһтарың

жоқ, бар болса маған көрсетіңдер, әрине, сендер

көрсете алмайсыңдар. Ғалымдарыңды, ұстаздарыңды

шақырыңдар, маған көрсетсін» деп халықты қатты са-

стырады. Аспаннан түскендей елдің құтын қашырып

мазасын алған мына неменің аузын жабу үшін жұрт

бір жас баланы шақыртпақ болады. Егер оны жеңсе

ұстазын шақыртпақ. Бірақ, мәжуси «Менің майда-

шүйделермен дауласып отыратын уақытым жоқ» дейді.

Ақыры не керек, ертеңінде ел болып жиналып мешітте

белгілі уақытта жолықпақшы болады.

Келесі күні келіскен уақытта мешіт іші лық толып

жас жігіт пен мәжусидің пікірталасын тамашаламақ

болады. Мәжуси ерте келіп ап орындыққа жайғасып,

жас жігітті күтеді. Бірақ, белгіленген уақыт әлдеқашан

өтіп кетсе де жас жігіт Әбу Ханифа кешіге береді.

Ол кешіккен сайын мәжуси «Оқымыстыларың

147

әл-Кәмил фит-Тарих,

5-т., 25-б.; Бәззәзи,

Манақибу Имам

Ағзам

, 2-т., 17-б.