Previous Page  92 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 400 Next Page
Page Background

92

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

айтып, Имамды қате үкім бердіге санап келген екен.

Имам Ағзам қаптаған мына адамдарға қарап:

– Мен қазір сіздердің барлықтарыңызбен қалайша

бір уақытта сөйлесемін. Араларыңыздан бір өкіл

тағайындаңыздар, сол маған барлық мән-жайды

түсіндіріп берсін, әйтпесе мен түкке түсініп тұрған

жоқпын, – дейді. Олар имам Ағзамға араларынан

біреуін таңдап көрсетті де, мына кісі бәріміздің аты-

мыздан сөйлейді деп бір адамды алға шығарды. Сонда

Имам Ағзам: мен осы кісімен сөйлессем, баршаңызбен

сөйлескен боламын ғой, солай ма? – деді.

– Иә, бәріміздің сөзімізді осы кісі жеткізеді, –

дейді. Имам Ағзамға да керегі осы, жұлып алғандай:

– Өз сөздеріңізді өздеріңіз қайшы келесіздер. Дәл

қазір мына кісі сіздердің орындарыңызға барлығын

маған айтады. Намазда да дәл осылай емес пе?

Имамның оқуы жамағаттың оқығанымен тең, – дейді.

Жамағат мұндай салыстыру тәсіліне таңырқап, Имам

Ағзамның пәтуасының дұрыс екенін мойындады

150

.

Сол уақыттарда Куфада дәулетті біреу хазірет

Османды (р.а.) яхуди дейді екен. Ғалымдар қаншама

рет олай айтып, былай айтып, оны пасық ойынан

қайтара алмайды. Ешқандай нәтиже шықпаған соң

келіп жағдайды Әбу Ханифаға жеткізеді. Әбу Ханифа

байға барып:

– Саған құдалыққа келдім. Аллаһтың әмірі,

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шешімімен

қызыңды айттырамын, – дейді.

– Кімге? – дейді бай күтпеген «құдаға».

– Өте тақуа бір адамға. Дәулет десе дәулет

бар, білім десе білім бар. Өзі Құранның хафызы.

150

Мекки,

Манақиб

, 175-б.