Previous Page  89 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 400 Next Page
Page Background

89

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

қорыққанынан келмейтін болды» дейді көтеріле түсіп.

Халық та мазасыздана бастайды.

Біраз уақыт өткеннен соң Әбу Ханифа алты

айрығынан тер ағып жетеді:

– Айыпқа бұйырмаңыз, ағайын! Кешігіп қалдым.

Өзеннің арғы жағалауынан бер жағына өтетін көлік

іздеп тұрғанмын. Ешкім көрінбеді, сіздерден ұят болды-

ау деп, не істерімді білмей тұрғам, кенет басыма бір

ой сап ете қалды. Өзеннің жағалауындағы ағаштарға

«Әй, ағаштар, бірің қайық, бірің ескек болыңдар,

мен өзеннің арғы жағына өтейін» дедім. Айтып ауыз

жиғанымша болған жоқ, сіздерге өтірік, маған шын,

ағаштар әп-сәтте бірі қайық, бірі ескек боп мені көзді

ашып-жұмғанша бергі жаққа алып өтті, – дейді. Сол-ақ

екен, орындықта отырған мәжуси қарқылдап тұрып

күлсін кеп.

– Ғалым деп алып келгендерің мынау болса

жетіскен екенсіңдер, – дейді, – айналайын-ау, ағаштың

өз-өзінен қайық болғанын қай атаңнан көріп ең? Дәл

осыны күткен Әбу Ханифа дереу:

– Ағаштың өз-өзінен қайық болмайтынына

сенбейсің де, мынау үлкен ғаламдыжаратушысыз болуы

мүмкін дейсің бе? – дегенде, мешіт іші қуаныштан

тәкбір айтып, шулап қоя береді. Орындықта отырған

мәжуси:

– Олай болса, неге сендердің Аллаһтарың

көрінбейді. Егер бар болса көрінуі керек емес пе? Ол

жоқ болғандықтан көрінбейді, – дейді. Әбу Ханифа

мәжусиге:

– Сенің ақылың бар ма екен осы? – деп қарсы сұрақ

қояды. «Бар» дейді мәжуси.