Previous Page  93 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 400 Next Page
Page Background

93

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Жомарттығында шек жоқ. Түні бойы ғибадаттан бас

алмайды. Аллаһтан қорыққаны соншалық, бір сәтке де

көздері жастан құрғамайды...

– Жетер-жетер. Осы қасиеттердің бірін ғана иелен-

ген адамның өзіне қызымды қазір беруге дайынмын.

– Бірақ, бір кемшілігі бар, – дейді Әбу Ханифа, –

июдаизм дінін ұстанады.

– Құдай сақтасын! Басқа адамды таппағандай

менің қызымды қайдағы бір яхудиге бермек болдың

ба? Мені кім деп тұрсың өзің? Имамның да күткені осы

еді. Жұлып алғандай байға былай дейді:

– Сен бір қызыңды яхудиге бермегенде

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

екі бірдей қызын

яхудиге қалайша бермек? Осыны ойладың ба?

Бай сөздің төркінін сонда ғана түсініп, тәубе еткен

екен

151

.

Әбу Ханифаның дүниеден өтуі

Әбу Ханифаның һижра жыл санауы бойынша

150 жылы қайтыс болғандығын тарихи құжаттар

растағанымен

152

, нақты қалай қайтыс болғанына

қатысты мәліметтердің дені әр түрлі.

Дауіт ибн Рашид осыған байланысты былай дейді:

«Халифа Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынған еді. Ол

бұл ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол үшін оны

азаптағанын көрдім. Әр күні зынданнан шығарып,

10 дүре соғылатын. Осылайша, 110 дүре соғылды.

Оған «Қазылық лауазымды қабыл ал» деді. Бірақ,

имам «Мен мұндай лауазымға лайық емеспін» деп

151

әт-Тәмими, 1-т., 111-112-б.

152

Ибн Сағыд,

Табақат

, 6-т., 368-369-б.; Сәймиәри, 94-б.; Бағдади,

Тарих

, 13-т., 330-б.