Previous Page  95 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 400 Next Page
Page Background

95

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

уланып қайтыс болғаны айтылады

158

. Нақты өліміне не

себеп болғанын білмесек те, өлім оны мына дүние аза-

бынан құтқарады. Ол өз ойынан қайтпай, әделетсіздікке

көз жұма алмайтынын көрсетіп, мемлекеттік қызметке

бармай, ілімнің абыройын сақтап, сол жолда шейіттіктің

шәрбәтін ішті.

Халық қара жамылып, Бағдатта қаралы күн туды.

Білімді, діндар, тақуа, көркем мінезді, парасатты

Әбу Ханифа халық алдында сыйлы да ардақты еді.

Сондықтан, Ирак фақиһының, ұлы имамның жана-

засына барша Бағдат халқы қатысты. Қала көшелері

онымен қоштасуға шыққан адамдарға сыймай кетті

159

.

Жаназасына 50 мың адам жиналғандығы, адамның

көптігіне байланысты 6 рет жаназа намазы оқылып,

сол күні асыр намазынан кейін ғана жерленгендігі ай-

тылады

160

. Мүрдесі өзінің өсиетіне орай Бағдаттағы

158

Яқуб ибн Шайба Ибн Мубарактан «Халифа Мансұр Әбу

Ханифаның қазы болғанын қалады, ол бас тартты. Халифа

Мансұр «сен боласың» деп ант етті. Әбу Ханифа «болмаймын»

деп ант етті. Сонда Рабиғ ибн әл-Хажиб Әбу Ханифаға қарап

«Халифа Мансұр ант етіп тұр, көрмейсің бе?» дейді. Сонда Әбу

Ханифа «Халифа Мансұр антының каффаратын өтеуге шамасы

жетеді, деп өзі антын бұзудан бас тартады. Содан кейін оны

түрмеге қаматып, сол жерде қайтыс болады. Хайзуран деген

жерде жерленеді. әз-Зәхәби, 26-б.

159

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

52-б.

160

Саймиәри, 93-б.; Хәйсәми, Хайратул-хисан, 208-209-б.; Имам

Ағзам қайтыс болар кезде өзін үкіметтің біреулерден заңсыз

алып қойған жеріне емес, ешкмнің таласы жоқ адал жерге

көмуін өсиет еткен екен. Сонда бұл өсиетті естіп, өзіне қысым

көрсеткен халифа Әбу Жағфар тақуалығы мен адалдығына

таң қалып: «Тірі яки қайтыс болған кезінде Әбу Ханифаға

көрсеткендерімнен мені кім құтқара алар дейсің?!» деген екен.

Әбу Захра, Әбу Ханифа, 49-б.