Previous Page  97 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 400 Next Page
Page Background

97

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Жүрген жерінде жақсылық жасауымен, күні-түні ілім

үйренуімен жұрт аузына іліккен. Келгендер оның ілімін

де, байлығын да керегінше пайдаланатын. Аз сөйлеп,

көп ойланушы еді. Халал-харам мәселелерге өте

мұқият қарап, тәптіштеп түсіндіруден жалықпайтын.

Мемлекет басындағылардың мал-мүлкін пайдалану-

дан аулақ жүретін, сыйлықтарын қабылдамайтын»

165

.

Бір кездері оған қарсы шыққан Бишрул Хафиге әл-

Хурайби деген ғалым: «Әбу Ханифаға тек ақымақ пен

қызғаншақ қана қарсы шығады»

166

деп оның білімі мен

адалдығын айтқан. Тіпті, білімін артық санаған Али

ибн Асим да «Егер Әбу Ханифаның білімі мен сол

кезеңдердегі ғалымдардың білімін таразы басына қояр

болсақ, имам Ағзамның білімі ауыр тартар еді»

167

деп,

оның біліміне таңдай қаққан. Сондай-ақ, мәзһаб имамы

Имам Шафиғи Әбу Ханифаның біліміне таңырқап,

«Фиқһта Әбу Ханифа алып бәйтерек болса, ал былайғы

жұрт енді-енді көктеп келе жатқан көк өскіндер тәрізді»

десе, тағы бір сөзінде «Адамдар фиқһ ғылымында

Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның

кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ

ілімін мүлдем білмегені» деп, оның білімінің телегей

теңіз екендін мақтанышпен айтып кеткен.

«Бес жыл бойы Әбу Ханифаның жанында болдым,

ол секілді сағаттап ұзақ уақыт бойы үнсіз отыратын

адамды өмірімде көрген емеспін. Әлдебіреу фиқһтан

сауал қойса, ашылып, бауырын жазған, сауыры-

нан моншақ шашылған тұлпардайын шабысы үдеп,

сарқыраған өзендей ілімін төгетін. Оның сөзі жұрттың

165

Бағдади,

Тарих

, 8-т., 340-б.

166

әз-Зәхәби,

Манақиб

, 32-б.

167

әз-Зәхәби,

Манақиб

, 32-б.