98
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
бәрінің көңіліне қона кетуші еді»
168
дейді Жағфар ибн
Рабиға.
Иісі мұсылманға танымал «Асым қырағатын» алып
келген танымал Құран қырағатының ұстазы имам
Асым Әбу Ханифаға ұстаздық қылған. Кейіннен Әбу
Ханифаға сауалдар қойып, оның ой-толғамына тәнті
болып, өз шәкіртінен білім алады. Бірде Асым оған:
«Аллаһ саған жақсылығын берсін. Кішкентай кезіңде
бізге келетін едің, есейгеніңде біз сенің алдыңа бара-
тын дәрежеге қол жеткіздің» деген екен.
Тағы бір замандасы Малиһ ибн Уақиғ: «Аллаһ
атымен ант етейін, Әбу Ханифа біреудің аманаты-
на айрықша мән беретін. Жүрегі таза, ерекше тұлға.
Барлық нәрседен Аллаһтың разылығын жоғары
қоятын. Аллаһ үшін бас кесіліп жатса, ол қуана басын
қылыштың астына тосар еді. Аллаһ тағала одан разы
болсын. Аллаһ ізгі де, тақуа құлдарынан разы болғаны
секілді одан да разы болып, мейіріміне бөлесін!»
дейді. Ал Хасан ибн Салих: «Әбу Ханифа өте тақуа
адам. Харамнан қорқатын. Харам болуы мүмкін деп
күмәнданғанда бірнеше халалды да тәрк ететін. Өзін
және білімін мұнша қызғыштай қорғайтын адамды
көрмедім. Оның барлық дайындығы қабірге дейін еді»
169
(яғни, дүние нәсібін емес, ақырет азығын қалайтын).
Имам Ағзамның замандастарынан Әбу Сүлеймен:
«ӘбуХанифа – таң қаларлық ғалым. Олнағыз ғылымның
дәлелдерінің бірі. Оның сөздерін қабылдағысы келмей
бет бұрушылар – түсінуге қауқары жетпегендер»
170
деп
ілімдегі тереңдігін ерекше атап өткен.
168
Бағдади,
Тарих
, 8-т., 340-б.
169
Саймиари.
Әбу Ханифа уа Асхабуһу,
23-б.
170
Хайсами,
Хайратул-хисан,
35-б.