103
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
жасаған Мысыр мен Басралықтарға қосылып, Халифа-
ны өлтірген көтерілісшілердің арасында да куфалықтар
бар еді.
Хазірет Али кезеңіндегі Сыффин шайқасынан
кейінгі төреші тағайындау және басқа да мәселелерге
байланысты Куфада елдің арасы ашылып, жік-жікке
бөлінді. Әсіресе, Тәмим руының адамдарынан басқа да
мыңдаған кісі Ирак пен қала халқының бірлігін бұзған
харижиттік қозғалыстың тууына себепші болды. Куфа
харижиліктен кейін шииттер қозғалысының да маңызды
орталықтарының біріне айналды. Омеядтар Куфадағы
бас көтерулер мен толқуларды Шамнан келген әскери
күштің көмегімен ғана баса алған-ды.
Омеядтар кезеңінде жасырын жүргізілген Абба-
сидтер қозғалысының орталығы да осы жер болды.
Куфада жоспарланған төңкеріс Хорасанда жүзеге асты.
Омеядтар билігі құлағаннан кейін алғашқы Аббасидтер
халифасы Әбул Аббас әс-Саффахқа ант беру рәсімі осы
Куфа мешітінде жүргізілді. Куфа Аббасидтердің аста-
насы Бағдат пайда болғанға дейін Хашимия қаласымен
бірге аймақтың басқару орталықтарының бірі болып
қалды
173
.
Қала халқының демографиялық жағдайы
Ислам келместен бұрын жалпы Ирак аймағында
халық мына үш топтан тұрды:
1. Рәбиа және Мударлық араб тайпалары. Олар бұл
аймаққа ертеректе қоныс аударып, көшпелі тірліктен
173
Бартольд В.В., Работы по истории Ислама и Арабского
халифата, повтор. Издат. Москва, 2002, 163-б.; А. Апак //
Теблиғ музакереси, Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже
системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран
араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т, 47-55-б.