Previous Page  102 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 400 Next Page
Page Background

102

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

саттық қатынастарын орнату нәтижесінде үлкен сауда

орталықтары мен базарлар ашылды. Сөйтіп, қаланың

экономикасына қан жүгіре бастады. Куфа көп уақыт

өтпей Месопотамиядағы ең ірі сауда орталығына ай-

налды.

Куфада құрылған ірі базарлардың бірі Әбу

Ханифаның жібек саудасымен айналысатын дүкені

орналасқан Кунаса базары еді. Әбу Ханифаның дүкені

орналасқан базардың осы бөлігі Куфа мешітінің дәл

қасынан орын тепкен-ді. Базардың осы бөлігі әуелі

ғылыми орталық қызметін атқарған. Бұл тек сауда емес,

түрлі дін, ұлт өкілдері қатар орын тепкен дінаралық

диалог пен қақтығыстардың, мәдени байланыстардың

орталығына да айналды. Әбу Ханифаның алғашында

ақида ілімімен айналыса бастауына түрлі дін өкілдері

арасындағы талас-тартыстар себеп болған

172

.

Жалпы, Ислам тарихының алғашқы кезеңдерінде

Куфаның космополиттігіне байланысты ол жерде

көптеген саяси оқиғалар орын алған. Халифа Омардың

кезеңінің өзінде Куфа саяси толқулардың ошағына

айналған еді. Шам (Сирия), Мысыр мен Басра

аймақтарын бір ғана әкім басқарса, Куфаға кезегімен

үш әкім (Сағыд ибн Әбу Уаққас, Аммар ибн Ясир,

Мұғира ибн Шұғба (р.а.) тағайындауға мәжбүр болды.

Хазірет Осман кезінде де билікті ең көп мазалаған

елді-мекеннің бірі еді. Халифа Османға қарсы алғаш

бас көтергендер Әштәр ән-Нәхәи басшылық еткен

осы куфалықтар еді. Хазірет Османға қарсы көтеріліс

172

М. Сөйлемез // «Ебу Ханифенин иетиштиги шехир: Куфе»,

Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким,

2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы,

Бурса, 2005, 1-т., 39-б.