100
Әбу Ханифаның өскен ортасы
және сол кездегі тарихи жағдай
Адамның өсіп-жетілуіне, кісілігі мен дүние
танымының қалыптасуына әке-шешесі мен тай-
құлындай тебісіп қатар өскен құрбы-құрдастарының,
ең бастысы қоршаған ортасының да тигізер ықпалы
зор. Әбу Ханифа және фиқһ мектебінің қалыптасуы
мен ерекшелігін дұрыс түсіну үшін өскен ортасы
мен сол кездегі тарихи жағдайға тоқтала кеткен жөн.
Хижраның алғашқы үш ғасырында Ирак ғылыми
орталыққа айналған шаһарлардың көбісін қамтыған
ислами аймақтардың алдыңғы қатарынан көрінді.
Олардың арасында Халифа Омар ибн Хаттабтың
бұйрығымен, Ұтба ибн Ғазуан тарапынан хижраның
14-16 жылдары арасында құрылғандығы риуаят етілген
Басра, Басрадан кейін бой көтерген Куфа, Уасыт және
Бағдат секілді ең ірі орталықтарды айтуға болады. Бір
айта кетерлігі, осы жаңадан бой көтерген қалалардың
барлығы мұсылмандардың қолымен тұрғызылған.
Әлемнің картасында жаңадан пайда болғанына
қарамастан аталмыш шаһарларда ғылым басқа
өңірлерге қарағанда шапшаң әрі қарқынды да-
муымен ерекшеленді. Оған, бір жағынан, Аббаси
халифаларының қолдап, демеуі қолайлы жағдай
тудырса, екінші жағынан, бұған аймақтың көне
мәдениеттердің бесігі болуы да өз әсерін тигізді
171
.
171
К. Сандыкчы,
Илк үч асырда Ислам жоғрафиясында хадис,
Анкара, 1991, 125-б.